|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1268 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1268 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыда: бірінші абзацта» № 5444/3дснг» деген сөздерден кейін», 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 10417н/3дснг» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі толықтыру енгізілген Қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей тарапына жіберсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |