Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2015.15.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 142 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.15.05. № 348 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 180-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттерді жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім және адами ресурстар департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттерді және клиникалық сынақтарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 4894 тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 13 қыркүйектегі № 140 (1169) жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 442 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|