Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда дәрілік заттардың жанама әсеріне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 421 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 85-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда дәрілік заттардың жанама әсеріне мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (келісім бойынша), сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың басшылары: 1) дәрілік заттардың жанама әсері туралы карта-хабарламаларды жинау және оны уәкілетті ұйымға тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарында, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда дәрілік заттардың жанама әсері туралы карта-хабарламаларды жинау және тапсыруға жауапты тұлғаларды тағайындасын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті: 1) дәрілік заттардың жанама әсері бойынша дәлелді және расталған халықаралық тәжірибе бойынша шешім қабылдау үшін дәрілік заттардың жағымсыз әсері туралы ақпаратты жинауды, жалпылауды ұйымдастырсын; 2) дәрілік заттардың жанама әсері туралы келіп түскен хабарламаларды жинау, талдау, өңдеу (жүйелеу) және ғылыми бағалауды жүргізу үшін уәкілетті ұйымды белгілесін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті белгілеген уәкілетті ұйымның басшысы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|