Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 212 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Ацикловир
Халықаралық патенттелмеген атауы Ацикловир
Дәрілік түрі 200 мг таблеткалар
Құрамы белсенді зат: ацикловир - 200 мг, қосымша заттар: сүт қанты (лактоза), картоп крахмалы, аэросил (кремнийдің коллоидты қостотығы), повидон, кальций стеараты.
Сипаттамасы Ақ түсті, жалпақ цилиндрлі түрдегі сызығы және ойығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Вирустарға қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Нуклеозидтер мен нуклеотидтер. АТЖ коды J05AB01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішке қабылдағанда биологиялық жетімділігі 15-30%-ды құрайды. Ацикловир ми мен теріні қоса алғанда организмнің барлық ағзалары мен тіндеріне жақсы өтеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы 9-33%-ды құрайды және оның плазмадағы концентрациясына байланысты емес. Жұлын сұйықтығындағы концентрациясы оның плазмадағы концентрацияның шамамен 50%-ын құрайды. Ацикловир плацентарлық бөгет арқылы өтеді де ана сүтінде жинақталады. Ішуге 200 мг-ні тәулігіне 5 рет тағайындағаннан кейін ең жоғары концентрациясы - 0,7 мкг/мл, ең жоғары концентрациясына жету уақыты - 1,5-2 сағат. Бауырда фармакологиялық белсенді емес 9-карбоксиметоксиметилгуанинді құрылым түзуі арқылы метаболизденеді. Бүйрек қызметі қалыпты ересек адамдардағы жартылай шығарылу кезеңі 2-3 сағатты құрайды. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда жартылай шығарылу кезеңі 20 сағат, гемодиализде - 5,7 сағат (бұл кезде плазмадағы концентрациясы бастапқы мәнінен 60%-ға дейін азаяды). Шамамен 84% бүйрек арқылы өзгермеген түрде және 14% - метаболит түрінде шығарылады. Ацикловирдің бүйрек клиренсі жалпы плазматикалық клиренстің 75-80%-ын құрайды. Ацикловирдің 2%-дан кемі организмнен ішек арқылы шығарылады. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|