Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 30 маусымдағы № 220 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Ацетилсалицил қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы Ацетилсалицил қышқылы
Дәрілік түрі 0,5 г-дық таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 0,5 г ацетилсалицил қышқылы, қосымша заттар: картоп крахмалы, лимон қышқылы, тальк.
Сипаттамасы Жайпақ бетті сызығы мен ойығы бар ақ түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Салицил қышқылы мен оның туындылары. АТЖ коды № 02BА01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішу арқылы қабылдаған кезде негізінен аш ішектің проксимальді бөлігінен, аз дәрежеде асқазаннан жылдам сіңеді. Асқазанда ас болуы ацетилсалицил қышқылының сіңуін едәуір өзгертеді. Ацетилсалицил қышқылы организмнің көптеген тіндері мен сұйық орталарында таралады. Гематоэнцефалық барьер арқылы сіңеді. Соңынан глицинмен немесе глюкуронидпен конъюгацияланатын салицил қышқылын түзіп гидролиздену арқылы бауырда метаболизденеді. Шамамен 80% салицил қышқылы қан плазмасның ақуыздарымен байланысады. Ацетилсалицил қышқылының (T1/2) жартылай шығарылу кезеңі шамамен 15 минутты құрайды, салицил қышқылы - шамамен 3 сағат. Салицил қышқылы түрінде артықшылығы бүйрек арқылы шығарылады. Фармакодинамикасы Қабынуға қарсы стероидты емес дәрі. Қабынуға қарсы, ауырғанды басатын, ыстықты түсіретін және антиагрегациялық әсері бар, сондай-ақ тромбоциттер агрегациясын азайтады. Әсер ету механизмі қабыну, ауыру және қызба патогенезінде басты рөл атқаратын, простагландиндердің ізашары болып табылатын, арахидон қышқылы метаболизмінің негізгі ферменті - циклооксигеназа белсенділігін бәсеңдетумен байланысты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|