Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармации комитеті Төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 59 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы 25 мг Атенолол-ратиофарм
Халықаралық патенттелмеген атауы Атенолол
Дәрілік түрі Қабықпен қапталған 25 мг-дық таблеткалар
Құрамы Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат - 25 мг атенолол бар қосымша заттар - микрокристалдық целлюлоза, магний карбонаты, жүгері крахмалы, натрий додецилсульфат (лаурил сульфат), магний стеараты, желатин, гипермеллоза, глицерин, титан диоксиді.
Сипаттамасы Ақ, дөңгелек, екі беті дөңес, бір бетінде жүлгесі бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Селективті бета1-адренобөгегіштері АТЖ коды С07АВ 03
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішу арқылы қабылдағаннан кейін атенололдың шамамен 50%-ы асқазан-ішек жолынан сіңеді. Жүйелік жетімділігі - 50%-ға жуық. Плазмада ең жоғары деңгейге 2-4 сағаттан соң жетеді. Атенололдың 90%-ға жуығы 48 сағаттың ішінде өзгермеген күйінде бүйректер арқылы шығарылады. Атенололдың жартылай шығарылу уақыты бүйрек қызметі қалыпты болған кезде 6-10 сағатты құрайды. Терминальды бүйрек қызметінің жеткілкісіздігінде жартылай шығарылу кезеңі 140 сағатқа дейін артуы мүмкін. Фармакодинамикасы Атенолол селективті бета-адренобөгегіш болып табылады, көбінесе бета1-адренорецепторларға («кардиоселективті бета-бөгегіш») ішкі симпатомиметикалық белсенділіксіз және мембрананы тұрақтандыру әсерінсіз әсер етеді. Атенололдың антиангинальдық, гипотензиялық және антиаритмиялық әсері бар. Атенолол синустық түйіннің автоматизмін азайтады, жүректің жиырылу жиілігін сиретеді, атриовентрикулярлы өткізгіштікті бәсеңдетеді, миокардтың жиырылғыштығын және қозғыштығын, жүректен қанның лықсуын төмендетеді, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетеді.
Қолданылуы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|