Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 26 мамырдағы № 119 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Аспаркам - Фармак Asparcam - Farmak
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Инъекцияға арналған ерітінді, ампулаларда 5 мл, 10 мл, 20 мл-ден
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: сусыз магний аспарагинаты 40 мг (3,37 мг магний) сусыз калий аспарагинаты 45,2 мг (10,33 мг калий) қосымша заттар: сорбит, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе әлсіз сарғыш сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы Басқадай минералды заттар. ATЖ коды A12C
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Зерттелмеген. Фармакодинамикасы Препарат метаболиялық үдерістерді реттейтін дәрілік заттарға жатады. Магний натрий-калийлік АТФ-азаны белсендіреді, соның салдарынан натрийдің жасушаішіндегі құрамын төмендетеді және калийдің жасушаға түсуін жоғарылатады. Жасушадағы натрийдің концентрациясы төмендеген кезде тамырлардың тегіс бұлшықетінің натрий-калий алмасуы іркіледі, бұл олардың босаңсуына әкеп соқтырады, калий ионы АТФ-тің, гликогеннің, ақуыздардың, ацетилхолиннің синтезін көтермелейді; калий мен магний жасушалық жарғақшалардың поляризациясын демейді. Аспарагинат иондардың жасушаға түсуіне ықпал етеді және энергетикалық алмасуға қатысады. Препараттың аритмияға қарсы әсері электролиттердің дисбалансын жою салдарынан, қозғыштықты және миокард өткізгіштігінің бәсеңдету арқылы іске асады.
Қолданылуы Калий мен магнийдің тапшылығымен байланысқан ауруларды кешенді терапия құрамында емдеу: - қан айналымының созылмалы жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, түрлі генездегі шок жағдайында - жүрек ырғағының бұзылуы - тырнақгүл препаратының уытты әсері немесе оны көтере алмаушылық Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|