Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы АрифонÒ Ретард
Халықаралық патенттелмеген атауы Индапамид
Дәрілік түрі Әсері ұзаққа созылған үлбірлі қабықпен қапталған 1,5 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблеткадағы белсенді зат - индапамид 1,5 мг қосымша заттар: гипромеллоза, лактоза моногидраты, магний стеараты, повидон, коллоидты сусыз кремний диоксиді қабығының құрамы: глицерол, гипромеллоза, макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы
Сипаттамасы Үлбірлі қабықпен қапталған домалақ, екі жағы дөңес ақ таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы Диуретиктер. Сульфонамидтер. АТЖ коды С03ВА11
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы АрифонÒ Ретард таблеткаларында белсенді зат арнайы матрикс негізге шашыратылған, ол индапамидтің асқазан-ішек жолына біртіндеп босап шығуын қамтамасыз етеді.
Сіңуі Босап шығатын белсенді зат тез және толықтай асқазан-ішек жолында сіңеді. Тамақтану препараттың сіңу жылдамдығын біршама бәсеңдетеді, бірақ сіңген заттың мөлшеріне ықпал етпейді. Қан сарысуындағы ең жоғары деңгейіне (Смах) бір рет қабылдағаннан кейін 12 сағаттан соң жетеді. Қайталап қабылдаған кезде индапамидтің қан плазмасындағы концентрациясының құбылуы екі дозаны қабылдау аралығында мардымсыз болады. Таралуы Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы - 79%-ға жуық. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 14-24 сағат (орташа алғанда 18 сағат) құрайды. Теңбе-теңдік жағдай ұдайы қабылдағаннан кейін 7 күннен соң пайда болады. Қайталап қабылдаған кезде организмде жинақталмайды. Метаболизмі және шығуы Индапамид биотасымалға ұшырайды және белсенді емес метаболит түрінде, негізінен, несеппен бірге - 70% және нәжіспен бірге - 22 %-ы шығады. Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастарда фармакокинетикалық параметрлері өзгеріске ұшырамайды. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|