Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 қазандағы № 184 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Апкалис SX* 20
Халықаралық патенттелмеген атауы Тадалафил
Дәрілік түрі Қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 20 мг тадалафил, қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурил сульфаты, микрокристалды целлюлоза, повидон РVРК-30, магний стеараты, қабықтың құрамы: темірдің сары оксиді, титан қос тотығы, тальк, полиэтиленгликоль, гидроксипропилметилцеллюлоза бар.
Сипаттамасы Сопақша пішінді, ашық-сары түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы Эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған прапараттар АТЖ коды G04ВЕ08
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Тадалафил ішілгеннен кейін толық сіңеді, қабылдағаннан кейін орташа алғанда 2 сағаттың ішінде плазмалық қанығу деңгейінің ең жоғары (Смах) көрсеткішіне жетеді. Тадалафилдің толық сіңуі ішілгеннен кейін зерттелген жоқ. Орташа таралу көлемі - 63 л, бұл тадалафилдің тіндерге енетіндігін көрсетеді. Емдік қанығу деңгейлерінде плазмадағы тадалафилдің 94%-ы протеиндермен байланысқан. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне протеинді байланыс ықпал етпейді. Қабылданған дозаның 0,0005%-дан азы спермадан табылды. Тадалафил, негізінен, Р 450 цитохром 3Ф4 изоформада өзгеріске ұшырайды. Жартылай ыдырау кезеңі дені сау адамдарда - 17,5 сағат. Тадалафил, негізінен, белсенді метаболит түрінде, көбіне нәжіспен бірге (шамамен дозаның 61%-ы) және аз мөлшерде несеппен бірге (шамамен дозаның 36%-ы) сыртқа шығарылады. Тадалафилдің фармакокинетикасы дені сау адамдарда тізбекті және уақытқа және дозаға сәйкес болады. 2,5-тен 20 мг-ға дейінгі дозада (АUС) әсері дозаға пропорциональды түрде артады. Бір реттік қабылдаған кезде плазмада тұрақты қанығу деңгейіне 5 күннің ішінде жетеді. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|