Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 75 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Андазол®
Халықаралық патенттелмеген атауы Албендазол
Дәрілік түрі Үлбірлі қабықпен қапталған 200 мг таблетка
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 200 мг албендазол, қосымша заттар: лактоза, крахмал, повидон, натрий лаурил сульфаты, натрий гликоляты, авицель, натрий сахарині, магний стеараты, ақ опадрий бар
Сипаттамасы Ақ түсті, екі жағы дөңес, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, бір жақ бетіне «А» әрпі ойып жазылған
Фармакотерапиялық тобы Ішек құрттарына қарсы препараттар. Бензимидазол туындылары. АТЖ коды Р02СА03
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішке қабылдағаннан кейін албендазол асқазан-ішек жолынан аз сіңеді. Өзгермеген күйде қан плазмасында байқалмайды, өйткені бауырда алғашқы метаболит - албендазол сульфоксидіне тез айналады. Ішу арқылы қолданғанда биожетімділігі төмен. Майлы асты қабылдау сіңуін және ең жоғары қанығу деңгейін 5 есе арттырады. Албендазол сульфоксиді ең жоғары қанығу деңгейіне 2-5 сағаттан соң жетеді, қан плазмасы ақуыздарымен 70%-ға байланысады, өтке, бауырға, цереброспинальды сұйықтыққа, несепке, ішек құртының қабырғасына және сұйықтығына енеді. Албендазол сульфоксиді бауырда албендазол сулфонына және тотыққан басқа өнімдерге айналады. Албендазол сульфоксидінің жартылай шығарылу кезеңі - 8-12 сағат. Әр түрлі метаболиттер түрінде несеппен бірге шығарылады. Бауырдың зақымданғанда биожетімділігі жоғарылайды, албендазол сульфоксидінің ең жоғары қанығу деңгейі 2 есе артады, жартылай шығарылу кезеңі ұзарады. Фармакодинамикасы Албендазол - бензимидазол туындысы, ішек құрттарының тері және ішек қабырғаларына бекініп, глюкозаның сіңу және АТФ синтезі үдерістерін тежейді, сондай-ақ гликогеннің қорын жояды, бұл олардың қырылуына әкеледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|