Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 30 мамырдағы № 125 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Ангал®
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Соруға арналған пастилкалар
Құрамы Бір пастилканың құрамында Белсенді заттар: хлоргексидин дигидрохлориді 5 мг лидокаин гидрохлориді 1 мг қосымша заттар: левоментол, сорбит, магний стеараты
Сипаттамасы Ақ немесе ақшыл түсті, дөңгеленген түрдегі пастилкалар
Фармакотерапиялық тобы Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар АТЖ коды R02А
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Лидокаинді жергілікті қолданғанда жансыздандыратын әсері 2—5 минуттан кейін дамиды және 30 - 45 минут бойы жалғасады. Жансыздандыру жеңіл болады және шырыш астының құрылымдарына таралмайды. Лидокаин гематоэнцефалиялық бөгет пен плацента арқылы өтеді және әйелдің ана сүтімен шығарылады. Ол бауырда алғашқы метаболизге ұшырайды. Алғашқы екі метаболит моноэтилглицинэксилидид және глицинэксилидит фармакологиялық тұрғыдан белсенді. Негізінен метаболит түрінде бүйрек арқылы шығарылады, ал 10 %-ы өзгермеген түрде шығарылады. Лидокаиннің биологиялық жартылай шығарылу кезеңі ересектерде 1,5 - 2 сағатты және жаңа туылған нәрестелерде 3 сағатты құрайды. Лидокаин метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңі 2-ден 10 сағатқа дейін өзгеруі мүмкін. Фармакодинамикасы Ангал препараты ауруды жергілікті басатын және антибактериялық әсер етеді. Препарат тамақтың бұдан ауыр бактериялық жұқпалардың даму мүмкіндігін төмендете отырып, жұтқыншақтың қабынуын азайтады және тітіркенуде және жұтынуда ауыруды жеңілдетеді. Лидокаин гидрохлориді шеткергі жергілікті әсері бар амид түріндегі анестетик. Ол қолданған жерде жүйке импульсының жүруін бөгемей, шырышты қабықтың астын жансыздандыратын әсері бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|