Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 25 мамырдағы № 77 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Препараттың саудалық атауы Ампициллиннің натрий тұзы
Халықаралық патенттелмеген атауы Ампициллин
Дәрілік түрі 500 мг құтыларда инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ.
Құрамы белсенді зат - 0,5 г ампициллиннің натрий тұзы.
Сипаттамасы Ақ түсті ұнтақ немесе кеуекті масса
Фармакотерапиялық тобы Бета-лактамдық антибиотиктер. Әсер ету ауқымы кең пенициллиндер АТЖ коды J01CF01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Бұлшық ет ішіне енгізгеннен кейін қанда ең жоғары концентрацияға 1 сағаттан кейін, көктамыр ішіне енгізгеннен кейін инъекциядан соң 15 минуттан кейін жетеді. Антибиотиктің терапиялық тұрғыдан маңызды концентрациясы қанда 4-6 сағат бойы сақталады. Біршама азғантай бөлігі (10-30%) плазма белоктарымен байланысады. Ампициллин тіндерге және организм сұйықтығына жақсы енеді. Плацента арқылы өтеді. Менингитте ампициллиннің жұлын сұйықтығындағы концентрациясы оның қан плазмасындағы концентрациясының 70-95%-ын құрайды. Іс жүзінде биотасымалға ұшырамайды. Жартылай шығарылу кезеңі - 1-1,5 сағат, бүйрек қызметі бұзылған науқастарда - 7-20 сағат. Өзгермеген күйінде көбінесе бүйректер арқылы бөлініп шығады. Ампициллиннің натрий тұзы қайталап енгізген кезде жиналмайды. Фармакодинамикасы Ампициллин митоз кезінде микробтық жасушалардың пайда болуының бұзылуы нәтижесінде бактерицидтік әсер етеді. Ампициллин натрий тұзы микробқа қарсы кең өрісті әсерге ие; бета-лактамазаны жасап шығармайтын Staphylococcus-ге, Streptococcus-дің әр түріне, соның ішінде S.Faecalіs-ге, пневмококтерге, нейсерияға, клостридийге, коринобактерияға, күйдіргі бацилласына, спирохеттерге, E.colі-ге, Salmonella-ға, Shіgella-ға, P.mіrabіlіs-ге, K.Pneumonіae-ның кейбір штамдарына белсенді. Препарат пенициллиназамен бұзылады, сондықтан қоздырғыштардың пенициллин түзетін штаммдарына әсер етпейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|