Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 67 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Ампициллин
Халықаралық патенттелмеген атауы Ампициллин
Дәрілік түрі 500 мг капсулалар
Құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 500 мг cусыз ампициллин қосымша заттар: крахмал, аэросил 200, магний стеараты
Сипаттамасы Көк түсті қатты желатинді капсулалар
Фармакотерапиялық тобы Жүйелі қолдануға арналған микробқа қарсы препараттар. Әсер ету ауқымы кең пенициллиндер. АТЖ коды JO1CA 01
Фармакологиялық қасиеттері Әсер ауқымы кең антибиотик - пенициллиннің жартылай синтетикалыұқ туындысы. Ампициллин бактерицидтік дәрі болып табылады және Streptococci faecalis, Streptococci pneumoniae, Haemolytic streptococci, Listeria monocytogenes қоса грамоң микроогранизмдерге қарсы бензилпенициллинеге ұқсас әсер ету механизміне ие. Оның әсері грамтеріс организмдерге, негізінен Haemophilis influenzae, Salmonella және Escherichia coli штамдарының көпшілігіне қарсы тетрациклинге және хлорамфениколға ұқсас. Ол сонымен бірге Neisseria gonorrhoea, N. meningitidis, Bordetella pertussis, Proteus mirabilis қарсы да әсер етеді.
Фармакокинетикасы Ампициллин асқазанның қышқылды секрециясы ортасында салыстырмалы түрде төзімді және әдетте ішкеннен кейін асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Ішілген ампициллиннің 20% жуығы айналым үдерісінде плазма протеиндерімен байланысады. Ішке қабылдағаннан кейін қанда ең жоғарғы концентрациясы 1,5-2 сағатта жетеді. Ішілетін дозалардың 30% жуығы 6-дан 8 сағат кезеңі ішінде несеппен бөлінеді. Ампициллин өтте жоғары концентрациясына жетеді. Мнингит жағдайларын қоспағанда оның жұлын сұйықтығындағы диффузиясы байқалады және сол кезде ампициллиннің жоғары концентрациясына қол жеткізіледі.
Фармакодинамикасы Пенициллин тобындағы антибиотик. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|