|
|
|
Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы American Bureau of Shipping (ABS) сыныптау қоғамын тану туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 758 Қаулысымен күші жойылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Халықаралық жүзуді орындайтын кемелерді техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын American Bureau of Shipping (ABS) сыныптау қоғамы танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағына сәйкес American Bureau of Shipping (ABS) сыныптау қоғамын Қазақстан Республикасының тануы туралы Халықаралық теңіз ұйымының (ІМО) Бас хатшысын белгіленген тәртіппен хабардар етсін. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |