|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 1687 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының делегациясын Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 1687 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: Сейітқажы Қажыкенұлы Оқасовты, Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіровті, Алтынбек Қосайұлы Егізбаевты, Руслан Зауытқанұлы Нұрбатчановты қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 27 - 29 қазан кезеңіне; Сейітқажы Қажыкенұлы Оқасов, Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіров, Алтынбек Қосайұлы Егізбаев, Руслан Зауытқанұлы Нұрбатчанов 2009 жылғы 27 - 31 қазан кезеңіне Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тәуліктік және: Сейітқажы Қажыкенұлы Оқасовты, Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіровті, Алтынбек Қосайұлы Егізбаевты, Руслан Зауытқанұлы Нұрбатчановты қоспағанда, қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының делегациясы мүшелеріне Алматы - Пекин - Үрімші - Алматы бағыты бойынша; Сейітқажы Қажыкенұлы Оқасовқа, Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіровке, Алтынбек Қосайұлы Егізбаевқа, Руслан Зауытқанұлы Нұрбатчановқа Алматы - Пекин - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |