|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңның іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; №17, 97-құжат; №23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; №9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; №17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; №3, 22-құжат; №5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; №10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; №16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; №5-6, 40-құжат; №9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжат-тар; №18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; №20, 88-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, № 24, 126,128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): бірінші бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын: «9. Агенттің астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында өткізген мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын олардың нысаналы пайдаланбауы - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 10. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеттемені орындамауы - дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 2) 560-1-баптың бірінші бөлігіндегі «309-1 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде» деген сөздер 309-1 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 576-4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар 1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөліктерінде), 309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. 2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. 3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат): 70-баптың 1-тармағындағы «Білім беру,» деген сөздерден кейін «сорт сынағы, ветеринария,» деген сөздермен толықтырылсын. 3. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 173-құжат; 2000 ж., № 5, 115-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 20, 153-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) азық-түлік қауіпсіздігі - тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі; 2) ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі; 3) әскери қауіпсіздік - елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төнген нақты және ықтимал қауіп-қатерлер мен қол сұғушылықтан Қазақстан Республикасы қорғалуының жай-күйі; 4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік) - елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі; 5) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері (бұдан әрі - ұлттық мүдделер) - іске асырылуына мемлекеттің адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын, негіз қалаушы мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық әлеуметтік және басқа да қажеттерінің жиынтығы; 6) қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының азаматтары өмірінің, денсаулығының және игіілігінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының нұқсан келтіруге қабілетті ықтимал қауіптер мен қатерлерден саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, әлеуметтік жағынан қорғалуы; 7) сыртқы қауіпсіздік - Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінің шет мемлекеттер, шетелдік ұйымдар мен азаматтар тарапынан туындайтын қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі; 8) ұлттық қауіпсіздік объектілері - жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары, мемлекет, оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы; 9) ұлттық қауіпсіздік субъектілері - өз өкілеттігін биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының органдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет, азаматтар мен ұйымдар; 10) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер - ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп төндіретін жағдайлардың, процестер мен факторлардың жиынтығы; 11) ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы - жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын, негіз қалаушы мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі; 12) экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйі; 13) экономикалық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан қорғалуының жай-күйі.»; 2) 4-баптың 10) тармақшасындағы «дамыту болып табылады.» деген сөздер «дамыту;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) отандық агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің азық-түлік қауіпсіздігін толығынан қамтамасыз ететіндей тиянақты жұмыс істеуі және дамуы болып табылады.»; 3) 5-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарлары өндірісінің қысқаруына, сапасының, бәсекеге қабілеттілігінің және қолжетімділігінің төмендеуіне, олардың Қазақстан Республикасында өндірілмейтіндерінің басқа мемлекеттерден берілімінің қысқаруына байланысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің нашарлауы.»; 4) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын: «24-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету 1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға және оларды бейтараптандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы жүзеге асырылады. 2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету: 1) жасына, мүліктік және әлеуметтік жағдайына, тұрған және тұрғылықты жеріне қарамастан тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін және өткізілетін азық-түлік тауарлары сапасының Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі; 3) ішкі және сыртқы қолайсыз факторлардың әсеріне қарамастан азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, жаңарту және толықтыру; 4) аграрлық азық-түлік нарығына қол жеткізу үшін тең бәсекелестік ортаны құру; 5) мемлекет пен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы; 6) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпкерлер қауымдастықтарының (одақтарының) рөлін арттыруға жәрдемдесу; 7) аграрлық азық-түлік нарығының жай-күйі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы принциптеріне құрылады. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың: 1) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін нашарлататын; 2) азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз көтерілуін, азық-түліктің ішкі ресурстарының төмендеуін арандататын; 3) азық-түлік тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге заңсыз әкетуге ықпал ететін; 4) сапасыз және халық үшін қауіпті азық-түлік тауарларын ішкі нарыққа әкелуге ықпал ететін шешімдер қабылдауына және іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасауына жол берілмейді. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі нашарлаған кезде азық-түлік тауарларының экспорты мен импортына уақытша тыйым салу мен шектеулер енгізуге құқылы.»; 5) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын: «27-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.». 4. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., №17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., №5-6, 37-құжат): 25-баптағы «Заңдарға» деген сөз «және Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорт сынағы жөніндегі мемлекеттік комиссия заңнамаға» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; №15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; №9, 67-құжат; №18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; №20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат): 1) 1-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) агент - акцияларының (үлестерінің) жүз проценті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған оның еншілес ұйымына тиесілі және мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын заңды тұлға;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) ақша резерві - мемлекеттік астық ресурстарын өткізуден түскен таза кіріс есебінен қалыптастырылатын және агенттің ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу бағасынан төмен бағамен пайдалану кезінде туындаған залалдарын өтеу үшін пайдаланылатын (өткізуге жұмсалатын шығыстары ескеріле отырып) агенттің басқаруында болатын ақша резерві;»; 8), 13-1), 15), 16) және 19) тармақшалар тиісінше 10-1), 13-3), 13-1), 13-5) және 13-2) тармақшалар болып есептелсін; мынадай мазмұндағы 13-4), 26-1) және 27-1) тармақшалармен толықтырылсын: «13-4) астықты нысаналы пайдалану - агент астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өткізілетін нан-тоқаш өнімдерін өндіру мақсатында өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін өткізген мемлекеттік астық ресурстарын олардың пайдалануы;»; «26-1) отандық астық өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және астық өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;»; «27-1) сатып алу бағасы - құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен нарықтарына талдамалық зерттеулерді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым беретін деректер негізінде уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша астықтың ішкі нарықта қалыптасқан нарықтық бағасын ескере отырып белгілейтін баға;»; 2) 2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасы»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) агентті айқындайды;»; 3) тармақша «сақталу» деген сөзден кейін «, жаңартылу, ауыстырылу» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын: «10) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына экспортталатын көлемге проценттік қатынаспен есептелетін астық жеткізуінің мөлшерін айқындайды; 11) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу тәртібін бекітеді; 12) сатып алу бағасын белгілейді.»; 2-2) тармақшадағы «және астық нарығы мониторингі бойынша есептіліктің дәйектілігі» деген сөздер алып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) астық қабылдау кәсіпорындарының: уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен графиктер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде - астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықтың сақталуы; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерін сақтауын бақылау;»; 10) тармақша «әзірлеу» деген сөзден кейін «және бекіту» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 21)-32) тармақшалармен толықтырылсын: «21) астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын әзірлеу және бекіту; 22) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен графиктер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде - астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректеріне сәйкестігін тексеру; 23) облыстар бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлеу және бекіту; 24) сатып алу бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; 25) мемлекеттік астық ресурстарын ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдалану туралы шешім қабылдау; 26) мемлекеттік астық ресурстарына: агент пен отандық астық өндіруші; агент пен астық экспорттаушы арасындағы астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту; 27) агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту; 28) астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту; 29) астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы туралы растаулардың нысанын әзірлеу және бекіту және оларды астық экспорттаушыға беру. 30) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану ережелері жөнінде ұсыныстар енгізу; 31) астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы жария шарттардың үлгі нысанын әзірлеу; 32) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құрудың, жұмыс істеуінің және жоюдың талаптарын, астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдемесін алудың тәртібін, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуі тәртібін әзірлеу.»; 5) 6-1 және 6-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті 1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне: 1) селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру; 2) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау; 3) астықтың (тұқымның) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық шарттарды, басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 4) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық коньюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу; 5) астық қолхаттарының тиімді айналымы үшін жағдайлар жасау; 6) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру; 7) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау; 8) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау; 9) астық қабылдау кәсіпорындарын: бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын лицензиядан кейінгі жыл сайынғы тексеруді; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау; 10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру; 11) тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерінің мемлекеттік астық ресурстарына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін жалпы түсімге проценттік қатынаспен бекіту; 12) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылау; 13) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну; 14) тендерлік негізде: ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын; мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға өткізу үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау; 15) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу; 16) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау; 17) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру кіреді. 2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыретіне: 1) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну; 2) тендерлік негізде: ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын; мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға сату үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау; 3) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу; 4) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау; 5) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру кіреді. 6-2-бап. Агенттің функциялары Агент мынадай: 1) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, жаңарту, ауыстыру және пайдалану; 2) ақша резервін қалыптастыру; 3) облыстың жергілікті атқарушы органының сұратуы бойынша мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындаған отандық астық өндірушілердің тізбесін ұсыну; 4) мемлекеттік астық ресурстарын сақтау үшін белгіленген тәртіппен астық қабылдау кәсіпорындарын таңдау; 5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік тұқым ресурстарынан және мемлекеттік жемдік астық ресурстарынан тұқымдық және жемдік астық несиелерін беру функцияларын жүзеге асырады.»; 2-тармақтағы «органдары» деген сөз «бөлімшелері» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен графиктер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |