|
|
|
У.Т. Әйменді, Е.С. Уваевті Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарында құпия ақпаратты қорғау туралы келісімнің жобасын келісу бойынша сарапшылар тобының кезекті отырысына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің мемлекеттік құпиялар мәселелері секторының меңгерушісі Уәлихан Талхаұлы Әймен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Ерлан Серікұлы Уваев 2009 жылғы 14 - 19 желтоқсан кезеңіне Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі У.Т. Әйменге, Е.С. Уваевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Минск - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резерві есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |