|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметінің арасындағы
ҚР 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 218-ІV Заңымен ратификацияланды 2010 жылғы 8 маусымда күшіне енді
2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, бұдан әрі «Қазақстан тарабы» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бұдан әрі «Қытай тарабы» деп аталатын Қытай Халық Республикасының Үкіметі, 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімді басшылыққа ала отырып, түрікмендік, өзбек және қазақстандық газды Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумақтарындағы жаңа газ көлігі қуаттары арқылы тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында, Қытай тарабының Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен газ сатып алу туралы келісімдер жасасатынын және оны Қазақстан Республикасының (бұдан әpi - ҚР) аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына (бұдан әpi - ҚХР) транзиттік тасымалдауды көздейтінін ескере отырып, осы Келісімнің мақсаттарын іске асыру үшін төмендегілер туралы келісті:
2009 ж. 14.10. Хаттамамен (бұр.ред.қара); 2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап
Тараптар газ тасымалдаудың қажетті көлемін және Газ құбырының экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету шартымен ҚР-дан ҚХР-ға Қазақстан-Қытай газ құбырын (бұдан әрі - Газ құбыры) бірлесіп салуды жүзеге асырады. Газ құбыры екі учаскеден тұрады: бірінші учаске - Газ құбырының Өзбекстан Республикасы мен ҚР шекарасынан Шымкент (ҚР) арқылы ҚР және ҚХР шекарасына, ҚХР аумағындағы Хоргос пунктінің ауданына дейін өткізу қуаты жылына 40 (қырық) млрд.м3 учаскесі (бұдан әрі - Бірінші учаске); бірінші учаске - газ құбырының Өзбекстан Республикасы мен ҚР шекарасынан Шымкент (ҚР) арқылы ҚР және ҚХР шекарасына, ҚХР аумағындағы Қорғас пунктінің ауданына дейінгі жиынтық өткізу қуаты жылына 40 (қырық) млрд. м3 «А» және «В» желілерінен, өткізу қуаты жылына 25 (жиырма бес) млрд. м3 «С» желісінен, сондай-ақ, бірыңғай көлік дәлізіндегі) басқа да желілерден тұратын учаскесі (бұдан әpi - Бірінші учаске); Өзбекстан Республикасы мен ҚР шекарасындағы Бірінші учаскенің бастапқы нүктесі әзірленген инвестициялар негіздемесі (бұдан әрі - ИН) негізінде белгіленсін. Қорғас пунктінің (ҚХР аумағында) ауданы Газ құбырының соңғы нүктесі болып қабылдансын. Тараптар Уәкілетті ұйымдарға Екінші учаскеге байланысты инвестициялардың негіздемесін әзірлеуді және Уәкілетті ұйымдар арасында Екінші учаске мәселелері бойынша жасалатын жеке келісімде (бұдан әрі - НПК) оның бағытын, қуатын және жобалық қаржыландыру сомасын айқындауды, сондай-ақ Екінші учаскенің операторын айқындауды қоса алғанда, Екінші учаскені салудың кезеңдігін келісуді тапсырады.
2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап
Тараптар тиісінше Газ құбырын жобалау, салу және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру үшін бірлескен қызметке арналған, бұдан әрі - Уәкілетті ұйымдар деп аталатын мынадай ұйымдарды тағайындайды: Қазақстан тарабынан - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әpi - ҚМГ) және/немесе ол тағайындаған аффилиирленген компаниялар(лар), Қытай тарабынан — Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпарациясы (бұдан әpi - ҚҰМҚ) және/немесе ол тағайындаған аффилиирленген компаниялар(лар). Уәкілетті ұйымдарды ауыстырған жағдайда Құзыретті органдар дереу бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне хабарлайды және тиісті құқықтық мирасқорлықты қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
2009 ж. 14.10. Хаттамамен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап
Тараптар ҚР мен ҚХР-дың тиісті Құзыретті органдарымен келісу үшін Уәкілетті ұйымдарға ИН бойынша бірлескен түпкілікті есепті дайындауды тапсырады. Тараптар жобалық шешімдерді одан әрі оңтайландыру үшін тиісті шаралар қабылдайды.
2009 ж. 14.10. Хаттамамен (бұр.ред.қара); 2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді 4-бап
Тараптардың міндеттемелері: Әр Тарап осы Келісімде көзделген Газ құбырын жобалау, салу және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыруды қолдайды және оны жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдайды. Тараптар Газ құбырын салу және пайдалану үшін қажетті және қолайлы жағдайлар жасау және қолдау, өзара тұрақты ақпарат алмасуды ұйымдастыру және Таз құбырындағы төтенше, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы жағдайлар туралы жедел хабарлау мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады. Тараптар жер сілкінісі немесе өзге де төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Газ құбырының орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Газ құбырын сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Тараптар Газ құбырындағы төтенше жағдайлар кезінде ic-қимылды үйлестірудің екі жақты немесе көп жақты тетігін жасайды. Қазақстан тарабының міндеттемелері: Транзиттік газдың осы Келісімде көзделген көлемін ҚР аумағы арқылы ҚР заңнамасында көзделген рәсімдерге сәйкес, газ транзиті үшін мемлекеттік алым немесе бюджетке өзге де міндетті төлем алмай, еркін және кедергісіз тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ету; ҚР аумағы арқылы тасымалдау кезінде транзиттік газдың сақталуын қамтамасыз етуді (төтенше және алдын алу мүмкін емес мән-жайларды қоспағанда (дүлей құбылыстар, әскери ic-қимылдар, авариялар және т.б.), ҚР оңтүстік облыстарында Екінші учаске бойынша келіп түсетін газдың жетіспеуіне әкеп соққан, ол болған жағдайда Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы Уәкілетті ұйымдармен келісілген жоспарға сәйкес Бірінші учаскенің «С» желісі бойынша тасымалданатын транзиттік газды, ал ол жетіспеген кезде — Бірінші учаскенің «А» және «В» желілері бойынша тасымалданатын транзиттік газды жедел алып қоюды жүзеге асыруға құқылы); жоғарыда көpceтілген жағдайда жедел іріктеуге жататын газды газ жөнелтушіге газды тасымалдауға жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, газдың коммерциялық бағасы негізінде есептелген газдың құнын да, барлық келтірілген залалдарды да жабатын төлемді дереу төлеуді қамтамасыз ету; басқасынан бөлек, ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасында көзделгендерді қоса алғанда, Газ құбырын салу және пайдалану үшін ҚР заңнамасы бойынша талап етілетін жерге қажетті құқықтарды, рұқсаттар мен лицензияларды ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен беруге жәрдем көрсету. Екінші учаске жобасын іске асыру үшін ҚР-да құрылатын ұйыммен жобалық қаржыландыру үшін қажетті Екінші учаске бойынша газ тасымалдау туралы келісім (келісімдер) жасасу үшін Қазақстан тарапы Уәкілетті ұйымының немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясының (аффилиирленген компанияларының) Екінші учаскенің өзін-өзі ақтау мерзімінен кем емес кезеңде «тасымалда немесе төле» («ship or pay») принципі бойынша жылына 5 млрд. м3 газды беруін қамтамасыз ету, бұл ретте Қазақстан тарапы мұндай келісімнің (келісімдердің) орындалуын қамтамасыз етудің қолайлы тәсілдерін ұсынады; Қытай тарапының Уәкілетті ұйымына немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясына (аффилиирленген компанияларына) тиесілі газ көлемдерін «Бұхара - Орал» магистральдық газ құбырының учаскесі бойынша 13-компрессорлық станциядан «Бозой» компрессорлық станциясына дейінгі бағыт бойынша Екінші учаскеге және Бірінші учаскеге жеткізу үшін тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ету; «Өріктау» газ конденсаты кен орнына арналған жер қойнауын пайдалану құқығының Қазақстан тарапының Уәкілетті ұйымы (немесе Қазақстан тарапы Уәкілетті ұйымының аффилиирленген компаниясы) Қытай тарапының Уәкілетті ұйымымен (немесе Қытай тарапы Уәкілетті ұйымының аффилиирленген компаниясымен) бірлесіп құратын бірлескен кәсіпорынға берілуін қамтамасыз ету. Қытай тарабының міндеттемелері: ҚХР-дың құзыретті ұйымдары Қытай тарабының Уәкілетті ұйымына газ шығарылатын елдегі газдың экспорттық бағасын негізге ала отырып, бәсекелес баға шартымен Газ құбырының соңғы пунктінде Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымынан экспорттық қазақстандық газды сатып алуды тапсырады; Уәкілетті ұйымдардың ҚХР-дың ішкі нарығында қазақстандық газды өткізу жөніндегі бірлескен коммерциялық қызметін қолдау; транзиттік мемлекеттердің аумақтарында бос қуаттарға өздерінің құқықтарының шеңберінде ҚР-дың ішкі нарығына беру үшін Қазақстан тарабының осы мемлекеттердің аумақтарында сатып алатын немесе өндіретін газ көлемін тасымалдауға жәрдемдесу; басқасынан бөлек, ҚХР-дың қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасында көзделгендерді қоса алғанда, Газ құбырын салу және пайдалану үшін ҚХР заңнамасы бойынша талап етілетін жерге қажетті құқықтарды, рұқсаттар мен лицензияларды ҚХР заңнамасында белгіленген тәртіппен беруге жәрдем көрсету. Қазақстан тарапының Уәкілетті ұйымы және Қытай тарапының Уәкілетті ұйымы Екінші учаске жобасын іске асыру үшін ҚР-да құрылатын ұйымның жарғылық капиталына бір жолғы үлес ретінде 500000000 (бес жүз миллион) АҚШ долларынан енгізген жағдайда Екінші учаске жобасын іске асыру үшін ҚР-да құрылатын ұйымға НПК-ге сәйкес Екінші учаскені салу үшін жобалық қаржыландыруды ұйымдастыруға жәрдемдесу. Тараптар келіскен тәртіппен ҚР мен ҚХР шекарасына жақын ҚХР аумағында Бірінші учаскенің газ өлшеу станцияларына ҚР мемлекеттік ұйымдарының лауазымды тұлғаларының кедергісіз кіруін қамтамасыз ету.
2009 ж. 14.10. Хаттамамен (бұр.ред.қара); 2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап
Тараптар Газ құбырын салуды жедел іске асыру үшін күш-жігерін салады. Бірінші учаскенсін салудың жоспар-кестесі жобалау-сметалық құжаттама нәтижелерінің негізінде бекітілетін болады. Тараптар Уәкілетті ұйымдарға Бірінші учаскенің «А» желісін салуды 2009 жылдың соңына дейін аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырады. Тараптар Бірінші учаскенің «С» желісін салу қажеттігімен келіседі және Уәкілетті ұйымдарға оны салуды 2011 жылдың соңына дейін бастауды қамтамасыз етуді тапсырады. Тараптар Екінші учаскесін салу экономикалық бағалау оның негізділігін көрсеткен кезде іске асырылады деп уағдаласты.
2009 ж. 14.10. Хаттамамен (бұр.ред.қара); 2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап
ҚР табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын құзыретті мемлекеттік органы газ тасымалдау шығындарын және пайда табу мүмкіндігін ескере отырып, ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес ҚР аумағында тұтыну үшін Бірінші учаске арқылы газ тасымалдауға есептелген тарифті бекітеді. Транзиттік газды Бірінші учаске бойынша ҚР аумағы арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер тарифі және экспорт мақсаттары үшін газды Бірінші учаске бойынша ҚР аумағы арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер тарифі жүк жөнелтушілер және Бірінші учаскенің меншік иесі арасындағы шарттық негізде айқындалады. Табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын ҚР-ның құзыретті мемлекеттік органы ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес ҚР аумағында тұтыну үшін Екінші учаске бойынша газды тасымалдауға, экспорт мақсаттары үшін газды Екінші учаске бойынша тасымалдау жөніндегі қызметтерге және басқадан бұрын тартылған қарыздарды қайтаруды, салықтарды, алымдар мен бюджетке төленетін өзге де төлемдерді және пайда табу мүмкіндігін қоса алғанда, Екінші учаскені салу мен пайдалануға арналған шығындарды ескере отырып, транзиттік газды Екінші учаске бойынша тасымалдау жөніндегі қызметтерге есептелген бірыңғай тарифті бекітеді.
2009 ж. 14.10. Хаттамамен (бұр.ред.қара); 2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап
Тараптар Уәкілетті ұйымдарға Газ құбырын салудың мақсаттары үшін ұсынылған, қажетті кепілдендірілген газ көлемінің негізінде жобалық қаржыландыруды ұйымдастыруды тапсыруға келісті. Қаржы тартудың, оның ішінде Қытай тарабының Уәкілетті ұйымының жоғарыда көрсетілген кепілдіктерді беруінің негізгі принциптері, нысандары мен шарттары Қазақстан - Қытай газ құбырын салудың негізгі принциптері туралы келісімде реттелетін болады. Екінші учаскенің жобасын іске асырудың негізгі принциптері мен шарттары НПК-де реттелетін болады. «Өріктау» және «Жаңажол» кен орындарының газ ресурстары Екінші учаске бойынша тасымалдауға арналған шикізаттың негізгі көзі болуы мүмкін екендігін ескере отырып, НПК-де Уәкілетті ұйымдардың «Өріктау» газ конденсаты кен орнын игеру бойынша ынтымақтасуының принциптері мен негізгі шарттары, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен оның аффилиирленген компаниялары өндіретін газға газ өндірудің коммерциялық орындылығын қамтамасыз ететін әділ нарықтық баға белгілеу тетігі, сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен оның аффилиирленген компаниялары өндіретін газды ҚР Ақтөбе облысына жеткізу мүмкіндігі міндетті түрде қамтылуы тиіс.
2009 ж. 14.10. Хаттамамен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-бап
Уәкілетті ұйымдар мен олардың аффилиирленген компанияларының Бірінші учаскенің қуатына Бірінші учаскенің меншік иесі болып табылатын ұйымдағы қатысу үлесіне барабар қол жеткізу құқықтары болады. Бірінші учаскенің «А» және «В» желілерінің қуаты осы Келісімнің қолданылу кезеңінде төмендегідей бөлінеді: Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін жылына 30 (отыз) млрд. м3; Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін жылына 10 (он) млрд. м3. Бірінші учаскенің «С» желісінің қуаты осы Келісімнің қолданылу кезеңінде былайша бөлінеді: Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін жылына 20 (жиырма) млрд. м3; Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін жылына 5 (бес) млрд. м3. Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы немесе оның аффилиирленген компаниялары жеткізетін Қазақстаннан шығатын газ Бірінші учаскенің Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін бөлінген қуаты есебінен Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін көзделген басымдыққа сәйкес тасымалданады. Егер Бірінші учаскенің қолданыстағы қуаты газдың мәлімделген көлемін тасымалдауды қамтамасыз етпеген жағдайда, Уәкілетті ұйымдар оның қуатын ұлғайту мақсатында Бірінші учаскеге тиісті техникалық қайта жаңғартуды жүргізу туралы мәселені немесе бірыңғай көлік дәлізінде жаңа газ құбырын салу мүмкіндігін қарайды. Бірінші учаскенің қуатын ұлғайтуды Тараптар немесе Тараптардың біpi жүзеге асырады. Бірінші учаскенің қуатын ұлғайту туралы шешімдер қабылдау Уәкілетті ұйымдар бірлесіп әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде жүзеге асырылады. Тараптардың бipiнен Бірінші учаскенің қуатын осылай ұлғайтуға келісім алынбаған жағдайда, Бірінші учаскенің қолданыстағы қуаты Бірінші учаскенің меншік иeci болып табылатын ұйымдағы қатысу үлесіне барабар қайта бөлінетін болады. Бірінші учаскенің қуатын жоғарыда көрсетілген бөлуге сәйкес Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары Бірінші учаскенің қуатын мынадай басымдықта: 1) Бірінші учаскенің технологиялық мұқтаждықтарына қажетті газ тасымалдау үшін; 2) транзиттік және экспорттық газдың көлемін тасымалдау үшін; 3) ҚР-ның ішкі нарығына газ жеткізу үшін; 4) Уәкілетті ұйымдар газды сатып алу-сатудың коммерциялық шарттары бойынша ұзақ мерзімді негізде сатып алатын газды жеткізу үшін пайдаланады. Бірінші учаскенің қуатын жоғарыда көрсетілген бөлуге сәйкес Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары Бірінші учаскенің қуатын мынадай басымдықта: 1) Бірінші учаскенің технологиялық мұқтаждықтарына қажетті газ тасымалдау үшін; 2) ҚР-ның ішкі нарығына газ жеткізу үшін; 3) экспорттық және транзиттік газдың көлемін тасымалдау үшін: 4) Уәкілетті ұйымдар газды сатып алу-сатудың коммерциялық шарттары бойынша ұзақ мерзімді негізде сатып алатын газды жеткізу үшін пайдаланады. Біp Тараптың Уәкілетті ұйымы және осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниялары ic жүзінде пайдаланбаған Бірінші учаскенің қуаты болған кезде, екінші Тараптың Уәкілетті ұйымы және осы екінші Тараптың Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниялары осы екінші Тараптың Уәкілетті ұйымы және осы екінші Тараптың Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниялары үшін айқындалған жоғарыда көрсетілген басымдыққа сәйкес Бірінші учаскенің осындай қуатын пайдаланудың басым құқығына ие болады. Уәкілетті ұйымдар мен олардың аффилиирленген компаниялары Екінші учаскенің жобасын icкe асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйымдағы қатысу үлесіне барабар Екінші учаскенің қуатына қол жеткізу құқығына ие болады. Бұл ретте Екінші учаскенің қуатына қол жеткізудің осындай бөлуіне қарамастан, қол жеткізудің басым құқығына ҚP ішкі нарығына газ жеткізетін Уәкілетті ұйым немесе Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясы (аффилиирленген компаниялары) ие болады. Екінші учаскенің қуаты мынадай басымдықта: 1) Екінші учаскенің технологиялық мұқтаждықтарына қажетті газды тасымалдау үшін; 2) ҚР ішкі тұтынуына газ жеткізу үшін; 3) ҚХР-ға экспорттық газды тасымалдау үшін; 4) ҚХР-ға транзиттік газды тасымалдау үшін пайдаланылады. Осы Kелісімде көрсетілген «тасымалда немесе төле» («ship or pay») қағидаты бойынша Екінші учаске арқылы газ тасымалдау туралы келісімді (келісімдерді) орындау шеңберінде Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниялары ic жүзінде пайдаланбаған Екінші учаскенің қуаты болған кезде осындай қуатты пайдаланудың басым құқығы Қытай тарабының Уәкілетті ұйымына және осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компанияларына тиесілі болады. Бұл ретте, осы басым құқықты пайдалануда Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниялары Екінші учаске арқылы ic жүзінде тасымалданатын газдың көлемі және үшінші тұлғаның (үшінші тұлғалардың) Екінші учаске арқылы ic жүзінде тасымалдайтын газының көлемі, осы Келісімде көрсетілген жылына 5 (бес) млрд. м3 газ беру жөніндегі Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясы (компаниялары) қабылдаған міндеттемелерді орындаудағы тасымалданатын газдың көлемі ретінде ескерілетін болады.
2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап
Әрбір Тарап өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Газ құбырын салу және пайдалану үшін негізделген түрде қажет болатын, әділ, ашық, талап-арыз қою күші бар және коммерциялық шарттармен нақты айқындалған, жерге деген осындай құқықтардың берілуін және қолданылуын қамтамасыз етеді. Тараптардың бірде-бірі Газ құбыры арқылы тасымалданатын газға меншік құқығына үміттенбейді. Түрікменстаннан және (немесе) Өзбекстаннан шығатын газ ҚР оңтүстік облыстарында ішкі тұтыну үшін Бірінші учаскенің «С» желісі арқылы мынадай шарттардың, барлығы сақталған кезде жеткізілуі мүмкін: 1) ҚР оңтүстік облыстарында газ жетіспеу мүмкіндігі болған жағдайда, Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы Қытай тарабының Уәкілетті ұйымына ҚР оңтүстік облыстарының тұтынуы үшін Түрікменстаннан және (немесе) Өзбекстаннан шығатын газды мүмкін болатын жеткізу күніне дейін алты айдан кешіктірмей жеткізуді ұйымдастыруға жәрдемдесу туралы сұрау салуымен өтініш жасайды; 2) Уәкілетті ұйымдар немесе Уәкілетті ұйымдардың аффилиирленген компаниялары осындай жеткізудің коммерциялық шарттары туралы келіссөздер жүргізеді; 3) осындай жеткізудің коммерциялық шарттары туралы келісімге қол жеткізілген жағдайда, Уәкілетті ұйымдар және (немесе) Уәкілетті ұйымдардың аффилиирленген компаниялары осындай жеткізу туралы тиісті шарт (шарттар) жасасады және оны ұйымдастырады; 4) кез келген осындай жеткізу Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымына және оның аффилиирленген компаниялары үшін бөлінген Бірінші учаскенің «С» желісінің қуаты есебінен жүзеге асырылады. Екінші учаске бойынша келетін газдың ҚР оңтүстік облыстарында жетіспеушілігіне әкеп соғатын төтенше және алдын алу мүмкін емес мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери ic-қимылдар, авариялар және т.б.) туындаған жағдайда Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы Уәкілетті ұйымдармен келісілген жоспарға сәйкес Бірінші учаскенің «С» желісі бойынша тасымалданатын транзиттік газды, ал ол жетіспеген жағдайда - Бірінші учаскенің «А» және «В» желілері бойынша тасымалданатын транзиттік газды жедел іріктеуді жүзеге асыруға құқылы. «А», «В» және «С» желілерінен басқа, қосымша желілер салу кезінде газ өлшеу станцияларының құрылысы ҚP мен ҚХР арасындағы шекараға жақын ҚР аумағында жүзеге асырылатын болады.
2009 ж. 14.10. хаттамамен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 10-бап
Газ құбырының құрылысы толық аяқталғанға дейін Бірінші учаске жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйымға және Екінші учаске жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйымға ҚР заңнамасының нормалары және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бөлігіндегі өзге де ережелер қолданылмайды. Бұл ретте өзге шарттар тең болған жағдайда, қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің мейлінше көп пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет.
2009 ж. 14.10. хаттамамен (бұр.ред.қара); 2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді 11-бап
Тараптар мынадай: ҚР заңнамасына сәйкес Бірінші учаскені салуға қажетті жабдықтардың, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кедендік баж салығын салудан толық немесе ішінара босату түрінде кедендік жеңілдіктерді алу; Бірінші учаскені салу үшін ҚР заңнамасында көзделген тәртіпте және көлемде салық төлеуден босату түрінде салықтық жеңілдіктерді алу мәселелері бойынша жәрдем көрсетеді. Екінші учаске жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйым Екінші учаскені салуда пайдалану үшін Екінші учаскені салудың өндірістік процесіне тікелей байланысты және ҚР Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес ҚР аумағына әкелінетін, акцизделетіндерді қоспағанда, тауарларға, материалдар мен жабдықтарға салынатын кедендік баждарды, кедендік алымдарды және қосылған күн салығын төлеуден босатылады; Тараптар Екінші учаске жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйымды Екінші учаскені салуға тартылған қарыз қаражатын қайтару аяқталған күнге дейін корпорациялық табыс салығын және мүлік салығын төлеуден босатуға келіседі.
2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап
Осы Келісім ережелерінің орындалуын үйлестіру мен бақылауды мынадай мемлекеттік басқару ұйымдары: Қазақстан тарабынан - ҚР Мұнай және газ министрлігі, Қытай тарабынан - ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті, бұдан әpi жеке алғанда — «Құзыретті ұйым», және бірлесіп - «Құзыретті ұйымдар» жүзеге асырады. Құзыретті ұйым ауысқан жағдайда Тараптар дереу бұл туралы дипломатиялық, арналар арқылы біp-біpін хабардар етеді.
2009 ж. 14.10. Хаттамамен (бұр.ред.қара); 2011 ж. 27 шілдедегі Хаттамамен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді 13-бап
Тараптар Газ құбырының объектілерін жобалауға, қаржыландыруға, салуға, пайдалануға беруге және жеткізілімдерге қатысты барлық техникалық-экономикалық және өзге де шешімдерді Тараптардың ҚР заңнамасының ережелеріне, қолданыстағы мемлекеттік және өзге де стандарттарға, құрылыс нормалары мен ережелеріне, Газ құбырын салу және пайдалану кезіндегі сапа мен қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес бірлесіп қабылдайтындығы туралы келіседі және уағдаласады. Тараптар ҚР заңнамасына белгіленген тәртіппен ҚР аумағында қолдану үшін қабылданған халықаралық стандарттардың, егер олар ҚР-да қолданылатын талаптарға, нормалар мен стардарттарға қайшы келмесе және олардан төмен болмаған жағдайда қолдануға болатыны туралы келіседі. Газ құбырының объектілерін пайдалануға қабылдаудың бірыңғай рәсімдерін қамтамасыз ету мақсатында Тараптардың әрқайсысы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қолданылатын Тараптар мемлекеттерінің қабылдау комиссияларының актілерін таниды және Газ құбырында бірыңғай технологиялық байланысты жүргізу мен қамтамасыз ету кезінде жәрдем көрсетеді. Бірінші учаскенің жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйым Бірінші учаскенің меншік иесі және операторы болып табылады және бұдан басқа, Бірінші учаскені пайдалануды, Бірінші учаске арқылы газ тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету қызметін, Бірінші учаскенің жұмыс режимі (пайдаланудың технологиялық, режимі) дербес және жеке-дара жедел-диспетчерлік басқаруды (Бірінші учаскені диспетчерлендіруді), сондай-ақ Бірінші учаскеге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыруы тиіс. Бұл ретте Бірінші учаскенің жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйым қажет болған жағдайда Бірінші учаскеге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерді көрсетуге үшінші тұлғаларды шарттық негізде тартуға құқылы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |