Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 191 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Вирокомб
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: зидовудин 300 мг ламивудин 150 мг, қосымша заттар: натрий крахмалы гликолят, магний стеараты, микрокристалдық целлюлоза, коллоидты сусыз силикагель, қабықтың құрамында: ақ опадрай 03Н58900.
Сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік капсула тәрізді, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, бір жағында RX923 таңбасы жазылған.
Фармакотерапиялық тобы Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозидтер - кері транскриптазаның тежегіші. АТЖ коды J05AR01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ламивудин тез сіңеді. Ересектер мен жас өспірімдерде биосіңімділігі 80-88%, балаларда - 66-68%. Тағаммен қабылдау ең жоғары концентрациясына жету уақытын арттырады, бірақ биосіңімділігіне әсер етпейді. Ересектер мен жас өспірімдерде қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясы - 6,5 мкмоль/л, балаларда - 4,8 мкмоль/л. Ламивудин организмде кеңінен тарайды. Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы, плацента арқылы өтеді. Таралу көлемі - 1,3 л/кг. Ақуыздармен байланысуы - 36 %. Бауырда биотрансформацияға ұшырап, бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Ересектерде бүйрек қызметі қалыпты болған кезде жартылай шығарылу кезеңі 2-11 сағат болса, балаларда (4 айдан 14 жасқа дейін) - 1,7-2 сағат. Бүйрек қызметі бұзылған кезде (креатинин клиренсі 10-40 мл/мин) жартылай шығарылу кезеңі 13,6 сағатқа дейін ұлғаяды, креатинин клиренсі 10 мл/мин-тан төмен болған кезде - 19,4 сағат. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|