Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 8 қазандағы № 247 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Винпоцетин
Халықаралық патенттелмеген атауы Винпоцетин
Дәрілік түрі 5 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат-5 мг винпоцетин; қосымша заттар: - картоп крахмалы, сүт қанты, микрокристалдық целлюлоза , магний стеараты немесе кальций стеараты, тальк, төмен молекулярлы поливинилпирролидон .
Сипаттамасы Жайпақ цилиндр тәрізді, сайы бар ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы Психокөтермелегіш дәрілер мен ноотроптар. АТЖ коды N06BX18
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішу арқылы қабылдаудан кейін асқазан-ішек жолында жылдам сіңеді. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) 10 мг дозаны (2 таблетканы) қабылдағаннан кейін 0,97±0,21 сағатта жетеді және 36,17±11,17 нг/мл құрайды. Препараттың плазмадағы емдік тиімді концентрациялары 36,17±11,17 нг/мл. құрайды. Биожетімділігі 70% құрайды, тамақтану винпоцетиннің биожетімділігін жоғарылатады. Препаратты көп рет қолданғанда оның фармакокинетикасы өзгермейді. Препараттың организмде жиналып қалуы байқалмаған. Қан плазмасы ақуыздарымен 66% байланысады. Органдар мен тіндерге тарайды. Таралу көлемі (Vd) 3-8 л/кг құрайды. Плаценталық бөгет арқылы өтеді және омырау сүтімен бөлініп шығады. Негізгісі біршама фармакологиялық белсенділігі бар аповинкамин қышқылы болып табылатын бірнеше метаболиттерді, сондай-ақ белсенді емес метаболиттер - гидрокси-винпоцетинді, гидрокси-аповинкамин қышқылын, дигидрокси-випоцетин-глицинатты түзе отырып бауырда метаболизденеді. Винпоцетиннің жартылай шығарылу кезеңі (T½) 4,8 сағатты құрайды. Метаболиттер түрінде несеппен, болымсыз (1% аз) мөлшерде өзгермеген күйінде шығарылады. Фармакодинамикасы Винпоцетин ми қан айналымын, жүйке жүйесінде зат алмасуын және қанның реологиялық қасиеттерін жақсартатын дәрілер тобына жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|