Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 3 шілдедегі № 114 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы ВИЗИН* / VISINE*
Халықаралық патенттелмеген атауы Тетризолин Дәрілік түрі 0,05% көз тамшылары
Құрамы 1 мл-нің құрамында белсенді зат - тетризолин гидрохлориді 0,5 мг, қосыша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, бор қышқылы, натрий тетрабораты, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы Мөлдір түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Деконгестанттар ретінде қолданылатын симпатоминетиктер. АТЖ коды S01GA02
Фармакологиялық қасиеттері ФармакокинетикасыТамызғаннан кейін бірнеше минуттан соң әсері басталады және 4-8 сағат жалғасады. Жергілікті қолданғанда сіңбейді.
ФармакодинамикасыТетризолин - симпатикалық жүйке жүйесінің альфа-адренорецепторларын көтермелейтін, алайда бета-адренрецепторларға әсер етпейтін немесе әлсіз әсер ететін симпатомиметикалық препарат. Симпатомиметикалық амин бола отырып, тетризолиннің қантамыраларын тарылтатын әсері бар және тіндердің ісуін азайтады. Визинді қолданғанда қарашықтың кеңеюі және реактивті гиперемия пайда болуы жайлы мәліметтер жоқ. Қолданылуы - аллергиядан немесе химиялық және физикалық факторлардың (түтін, шаң, хлорланған су, жарық, косметикалық заттар, жанаспалы линзалар) әсерлерінен туындаған ісіну және конъюктива гиперемиясын (көздің қызаруы) түсіру үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары Зақымданған көзге 1 немесе 2 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет. Препаратты 4-күннен артық тоқтатпай қабылдау ұсынылмайды. Тамызғы-құтыны пайдалану Тамызғы құтының қақпағын ашады да, құтыны төңкереді. қандай да бір беттерге құты ұшын тигізуге болмайды. Қолданып болғаннан кейін тамызғы-құты қақпағын бұрап жабу керек. Жағымсыз әсерлері Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|