Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 1 қазандағы № 168 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Вигамокс®
Халықаралық патенттелмеген атауы Моксифлоксацин
Дәрілік түрі 0,5% көз тамшылары 5мл
Құрамы 1мл құрамында Белсенді зат - моксифлоксацин гидрохлориді 5,45мг (5мг моксифлоксацинге барабар) Қосымша заттар: натрий хлориді, бор қышқылы, хлорсутекті қышқыл және/немесе натрий гидроксиді (рН реттеу үшін), тазартылған су.
Сипаттамасы Жасылдау-сарғыш түсті мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Бактериялық қарсы препараттар. АТЖ коды S01А Х
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Вигамокс® көз тамшыларын жергілікті қолданғанда моксифлоксацин жүйелі сіңуі мүмкін. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 13 сағатты құрайды. Фармакодинамикасы Моксифлоксацин фторхинолонды антибиотиктердің 4-ші буынының өкілі және Грам-оң және Грам-теріс бактериялардың, басқа түрдегі микроорганизмдер мен анаэробтардың көбісіне әсер етеді. ДНҚ бактериялардың репликациясына, транскрипциясына, қалпына келуіне және рекомбинациясына жауап беретін топоизомераза 2 (ДНК-гераза) және топоизомер 4-ті тежейді. Моксифлоксациннің С8-метоксильді тобы мұның алдындағы буын фторхинолондарынан табылған С8-Н тобымен салыстырғанда Грам + бактериялардың төзімді штаммдарының селекциясын азайтады. Моксифлоксациннің үлкен орын басқан С-7 тобы бактериялардың хинолонды рецепторларының жұмысын бұзады. Моксифлоксациннің бактерицидті концентрациясы тежелетін концентрацияға тең немесе одан сәл жоғары. Моксифлоксацинді қоса, фторхинолондар өзінің әсеріне қарай бета-лактамды антибиотиктерден, макролидтер мен аминогликозидтерден ерекшеленеді, сондықтан оларға төзімділігі байқалатын бактерияларға әсер ете алады. Жоғарыда аталған дәрілік түрге төзімді организмдер моксифлоксацинге сезімтал болуы мүмкін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|