Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 қазандағы № 184 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұскаулық
Саудалық атауы Верапамил
Халықаралық патенттелмеген атауы Верапамил
Дәрінің түрі Қабықпен қапталған 0,08 г таблеткалар
ҚұрамыБір таблетканың құрамында белсенді зат - 0,08 г верапамил гидрохлориді бар, қосымша заттар - сүт қанты, картоп крахмалы, тальк, стеарин қышқылды кальций. қабығының құрамы: оксипропилметилцеллюлоза, ара воскі, титанның қос тотығы, твин-80, топеолин О.
Сипаттамасы Екі жағы дөңес дөңгелек түрдегі сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабаты көрініп тұрады.
Фармакотерапевтикалық тобы Кальций өзекшелерінің жүрекке тікелей әсер ететін селективтік бөгегіштері. Фенилалкиламин туындысы. АТЖ коды С08DА01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішкен дозаның 90% астамы сіңеді. Бауырдан бірінші өткенде метаболизмге ұшырайды. Биотиімділігі - 10-20%. Препарат қан плазмасындағы барынша жоғары (80-400 нг/мл) концентациясына ішкеннен кейін 1-2 сағат өткенде жетеді. Верапамил гематоэнцефальды және плаценталы бөгеттерден өтеді. Бауырдан бірінші өтку кезінде метаболизмге ұшырайды. Норверапамил, N-деалкилверапамил, N-деалкилнорверапамил негізгі метаболиттері болып табылады. Препарат пен оның метаболиттерінің организмде жинақталуы курстық емдеу кезіндегі әсерінің күшейетінін түсіндіреді. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 90%. Бір реттік дозаны ішкенде кездегі жартылай шығарылу кезеңі 2,8-7,4 сағатты; келесі дозаларды ішкенде 4,5-12 сағат құрайды. Негізінен бүйрек арқылы аздаған мөлшерде (3 - 4%) өзгермеген күйінде ал қалған бөлігі метаболиттер (70%) түрінде, 25% жуығы өтпен шығады. Омырау сүтімен бөлініп шығуы төмен. Фармакодинамикасы Верапамил «баяу» кальций өзекшелері бөгегіштері тобының негізгі препаратының бірі. Аритмияға қарсы және антиангинальды және гипертензияға қарсы әсері бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|