Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 6 қазандағы № 244 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Велкейд
Халықаралық патенттелмеген атауы Бортезомиб (bortezomib)
Дәрілік түрі Көктамырішілік енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 3,5 мг лиофилизат
Құрамы белсенді зат - бортезомиб (PS-341) 3,5 мг қосымша заттар:маннитол, азот
Сипаттамасы Фармакотерапиялық тобыІсікке қарсы препараттар
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Бір реттік көктамырішіне енгізгеннен кейін бортезомибтың қан плазмасындағы қанығуы бөлінудің тез бастапқы фазасымен және шығарылудың едәуір ұзақ созылатын соңғы фазасымен сипатталған екі фазалы қисық бойынша төмендейді. Бөлінудің бастапқы фазасында препараттың жартылай шығарылу кезеңі 5-тен 15 сағатқа дейін ауытқиды. Бортезомибтің жүйелік әсер етуі дозаның 1,45-тен 2,0 мг/м2 дейінгі диапазонында дозаға тәуелді сипатқа ие болады, ал дозаның 1,0-1,3 мг/м2 диапазонында жүйелік әсер етуі дозаға сай пропорциональды артады. Бортезомибті бірнеше рет енгізгеннен кейін оның клиренсінің төмендеуі көрініс береді, бұл шығарылу және AUC0-24 (қанығуы/уақыты қисық асты көлемі) фазасында жартылай шығарылу (Т½) кезеңінің тиісінше артуына жеткізеді. Қайталап енгізу бортезомибтің бастапқы таралу кинетикасына әсер етпейді және Сmax пен Т½-дің мөлшері бұл фазада өзгермейді. Емдеудің алғашқы циклындағы үшінші дозаны енгізгеннен кейін бортезомибтің терминальдық шығарылуының орташа уақыты 5,45-тен 19,7 сағатқа дейін, ал AUC0-24-30,1-ден 54,0 с/нг/мл-ге дейін артады. Бортезомибтің 0,01-1,0 мкг/мл қанығуы барысында препараттың қан плазмасы белоктарымен байланысуы 82,9% құрайды. Қан плазмасы белоктарымен байланысқан бортезомибтің үлесі оның қанығуына тәуелді емес. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|