Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 71 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы ВенорутонÒ
Халықаралық патенттелмеген атауы Рутозид
Дәрілік түрі Көпіргіш таблеткалар, 1000 мг
Құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 0-(b-гидроксиэтил) - рутозидтер (=оксерутин) 1000 мг, қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, калий карбонаты, калий гидрокарбонаты, натрий гидрокарбонаты, макрогол 6000, калий ацесульфамы, повидон К29-32, апельсин хош иістендіргіш 77909-71, магний стеараты.
Сипаттамасы Дөңгелек тегіс цилиндр пішінді, жиекті, сары түсті таблеткалар. Беті теңбілі бар кедір-бұдырлы. Апельсин хош иісті.
Фармакотерапиялық тобы Капиллярлардың өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлаваноидтар. АТЖ коды С05СА01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішке қабылдағаннан кейін сіңуі 10-15%-ға жуықты құрайды. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға 1-9 сағат шегінде жетеді. 120 сағаттың ішінде препараттың концентрациясы белгілі күйінде қалады. Рутозидтер және олардың глюкуронирленген метаболиттері көбінесе өтпен бірге шығарылады, 3-6%-ы 48 сағат ішінде бүйректер арқылы шығарылады. Препараттың жартылай шығарылу кезеңі 10-нан 25 сағатқа дейін өзгереді, алайда әр адамда оның шамасы біршама тұрақты. Фармакодинамикасы Рутин туындысы. Көбінесе капиллярларға және көктамырларға әсер етеді. Эндотелиальдық жасушалар арасындағы тесіктерді эндотелий жасушалары арасында орналасқан талшықты матрикстің модификациясы есебінен кішірейтеді. Эритроциттердің бірігуін тежейді, қабынуға қарсы әсер етеді. Көктамырдың созылмалы жеткіліксіздігі кезінде Венорутин ісінуді, ауыруды, құрысуды, тропикалық бұзылуларды, варикоздық ойық жараларды азайтады. Геморройға байланысты симптомдарды - ауыруды, қышуды және қан кетуді жеңілдетеді. Венорутиннің капиллярлар қабырғасының өткізгіштігіне және олардың төзімділігіне жағымды әсер етуіне байланысты, ол диабеттік ретинопатияның дамуының баяулауына мүмкіндік береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|