Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 191 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Варилрикс™ (Жел шешекке қарсы вакцина )
Халық аралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Инъекцияға арналған лиофилизирленген ұнтақ 0,5 мл ерітіндімен бір жиынтықта.
Құрамы Бір дозның құрамында белсенді зат- Varіcella zoster әлсіретілген тірі вирусының Oka штаммасының 103.3 бірлігі (PFU), қосымша заттар: аминқышқылдары, адам альбумині, лактоза, неомицин сульфаты және полиспирттер. Еріткіш Белсенді зат- инъекцияға арналған су 0,5 мл
Сипаттамасы Аздаған крем түстіден сарғыш немесе қызғылт түске дейінгі құтыдағы лиофилизирленген ұнтақ. Ерітіндісі -мөлдір түссіз сұйықтық Қалпына келтірілген вакцина шабдалы түстен қызғылт түске дейін.
Фармакотерапиялық тобы Жел шешекке қарсы вакцина. АТЖ коды J07BК01
Иммунологиялық қасиеттері Адамның диплоидты MRC5 жасуша өсіндісінде өсірілген Varіcella zoster вирусына қарсы әлсіздендірілген тірі вакцина. Варилрикс™ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының биологиялық заттарға және жел шешек вакцинасына қойылатын талаптарға сай жасалған. Жел шешекпен ауырған аурулармен жанасқаннан кейін 72 сағат ішінде вакцинация жүргізілсе, онда жел шешекке қарсы қорғаныс тудыруға болады. Сау адамдарға Жасы 9 айдан 12 жасқа дейінгі сау балаларға жүргізілген тексеріске 1500-ден аса қатысып, вакцинациядан кейінгі 6 аптадан соң егілгендердің 98% - серлогиялық конверсия жоғары болды. 12-15 ай аралығында бір дозамен вакцинацияланған балаларда, антидене кем дегенде 7 жыл бойы сақталады. 9 айдан 6 жасқа дейінгі балаларға екінші дозаны енгізгеннен кейін 6 апта өткен соң, сероконверсиялық коэффициент 100 % болады. Антидене титрінің жоғарлауы екінші дозаны енгізгеннен кейін ғана орын алады. Жасы 13 жас және одан да жоғары жастағыларда екінші дозаны енгізгеннен кейін 6 аптадан кейін сероконверсия коэфиценті 100% болды. Вакцинациядан кейін бір жыл өткенде тексерілген субъектілердің бәрі серологиялық тұрғыдан оң нәтиже берді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|