Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 12 мамырдағы № 165 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Галоприл
Халықаралық патенттелмеген атауы Галоперидол
Дәрілік түрі Инъекцияға арналған ерітінді
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 5 мг галоперидол, қосымша заттар: сүт қышқылы, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш реңді сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар. Бутирофенон туындылары. АТЖ коды N05AD01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Бұлшық ет ішіне енгізген кезде қан плазмасында ең жоғары қанығу деңгейіне 10-15 минуттан кейін жетеді. Ақуыздармен байланысуы - 92%. Гистогематикалық бөгет арқылы, ГЭБ қосқанда, оңай өтеді. Бауырда белсенді өзгеріске ұшырайды. Бұлшық ет ішіне енгізген кездегі жартылай шығарылу кезеңі 21 сағатты, көктамыр ішіне енгізген кезде 14 сағатты құрайды. Организмнен бүйректер арқылы 40%-ы, ішек арқылы өтпен бірге 15%-ы шығарылады. Фармакодинамикасы Галоприлдің айқын антипсихотикалық әсері бар, мидың мезолимиялық және мезокортикальдық құрылымдарында постсинаптикалық дофаминдік рецепторларды бөгейді. Жоғары антипсихотикалық белсенділігі орташа тыныштандырғыш әсермен және құсуға қарсы айқын әсермен бірігеді. Тыныштандырғыш әсері ми бағанасындағы ретикулярлы формациясының альфа-адренорецепторларының бөгелуімен; құсуға қарсы әсері - құсу орталығының триггерлі аймағының дофаминді D2-рецепторларының бөгелуімен; гипертермиялық әсері және галакторея гипоталамустың дофаминді рецепторларының бөгелуімен жүзеге асады.
Қолданылуы - шығу тегі әртүрлі жедел психомоторлы қозуда (психоздың желікпелік сатысы, ақыл кемдігі, олигофрения, психопатия, жедел және созылмалы шизофрения, әбігерлендіретін депрессия, маскүнемдік) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|