|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Берлин қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Б. Саудабаевтың жұмыс сапарын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының делегациясы: осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда 2009 жылғы 9 - 11 желтоқсан кезеңіне; осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес құрамда 2009 жылғы 8 - 12 желтоқсан кезеңіне Берлин қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен: Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті қоспағанда, 1-қосымшаға сәйкес делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға және тәуліктік; 2-қосымшаға сәйкес делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Берлин - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Астана - Берлин - Астана бағыты бойынша арнайы рейстің шығыстарын 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен төлесін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2026 қаулысына 1-қосымша
Берлин қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2026 қаулысына 2-қосымша
Берлин қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |