Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 14 ақпандағы № 27 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы ГЕМОФЕР® пролонгатум
Халықаралық патенттелмеген атауы Темір сульфаты
Дәрінің түрі Қабықпен қапталған таблеткалар 325 мг
Құрамы белсенді заттар: темір сульфаты (FeSO4 . H2 O) - 325 мг. қосымша заттар: лактоза моногидраты - 11,1 мг, аммоний метакрилатының қосалқы полимері - 32,5 мг, тальк - 7,6 мг, магний стеараты - 3,8 мг, ацетон - 22,8 мг, этанол - 204 мг, сахароза -146,96 мг, тальк - 63,48 мг, аравия камеді -8,74 мг, желатин -1,34 мг, Е 124 қызыл бояғыш- 0,48 мг, тазартылған су-88 мг, капол 1295 -0,168 мг.
Сипаттамасы Ақшылдау ядросы бар, қызыл түсті екі беті дөңес таблетка. Қабығы тегіс
Фармакотерапевтикалық тобы Анемияға қарсы препараттар. Ішу арқылы қабылданатын екі валентті темір препараттары. АТЖ коды B03AA07
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Темірдің сіңірілуі оның бауырдағы, көк бауыр мен жілік майындағы қорларының сарқылуында немесе эритропоэздің күшеюінде ұлғаяды. Темірдің сарысудағы жоғары концентрациясында оның сіңірілуі азаяды. Темір тапшылығы бар адамдарда оның сіңірілуі 10 - 30% құрайды және темірдің тапшылық дәрежесіне пропорционалды. Темір тапшылығы жоқ адамдарда тұтынылған темірдің 5 - 10-%-ға жуығы сіңеді. Темірдің сіңірілуі, негізінен, ұлтабар мен аш ішектің проксимальдық бөлімдерінде жүреді. Қос валентті темір ғана (Fe2+) аш ішектің шырышты қабығының эритроциттеріне өтуге қабілетті, мұнда ол трансферринмен, ақуыз-тасымалдағышпен байланысады, сөйте отырып, тасымал темірінің пулын қалыптастырады. Тасымалдаушы темір ағза қажеттілігіне байланысты темір-трансферрин кешені түрінде не резервтік темір пулына (бауыр, көк бауыр, жілік майы), не функциональдық темір пулына (гемоглобин, миоглобин, тотықтырғыш ферменттер) тасымалданады. Темір ақуыздармен қарқынды байланысады (90% және астам) - ең жоғарғысы оның гемоглобинмен байланысуының тиімділігі және төменгісі миоглобинмен, трансферринмен, ферритинмен және гемосидеринмен байланысуы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|