Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 201 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Герпевир
Халықаралық патенттелмеген атауы Ацикловир
Дәрілік түрі 2,5% жақпа май
Құрамы 1 г жақпа майда мыналар бар: белсенді зат - құрғақ затқа шаққанда 0,025 г ацикловир қосымша заттар: проксанол 268, пропиленгликоль, полиэтиленоксид 400, эмульгатор 1
Сипаттамасы Өзіне тән аздаған иісі бар, ақ түсті біркелкі жақпа май.
Фармакотерапиялық тобы Вирустарға қарсы тура әсер ететін дәрілер АТЖ коды: J05А В01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Терінің сыртына қолданған кезде жүйелік қан ағысына іс жүзінде сіңбейді және жүйелік әсер етпейді. Жақпа майды терінің зақымданған жеріне жаққан кезде сол жерде препараттың терапиялық концентрациясы жасалады, ол кем дегенде 5 сағат бойы тұрақты деңгейде сақталады. Фармакодинамикасы Ацикловир - ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) компоненті- дезоксигуанидиннің пуринді нуклеозидінің аналогі. Препараттың әсіресе жай ұшық пен белдеулі теміреткі вирустарына тиімділігі ерекше. Ацикловир мен дезоксигуанидин құрылымының ұқсастығы ацикловирдің вирустың ферменттермен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді, ол вирустың көбею циклын тоқтатады. Ацикловир ұшықтан жарақаттанған жасушаға енгеннен кейін, вирустан бөлініп шығатын тимидинкиназаның ықпал етуімен ол ацикловир-монофосфатқа айналады. Ацикловир-монофосфат адамның жасушасындағы ферменттермен ацикловир-дифосфатқа айналады. Содан кейін оның белсенді ацикловир-трифосфатқа айналуы жүреді, ол вирустық ДНҚ синтезіне іріктеп кедергі жасайды. Иесінің (адамның) жасушасында ДНК-ның репликациясына ацикловир-трифосфат іс жүзінде ықпал етпейді. Ұшықта ацикловир бөртпенің жаңа элементтерінің пайда болуына жол бермейді, тері диссеминациясының мүмкін болуын және висцеральдық асқынуларды төмендетеді, қабықтың пайда болуын тездетеді, белдеулі теміреткінің жедел сатысында ауыруды бәсеңдетеді.
Қолданылуы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|