Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 19 қыркүйектегі № 139 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Сауда атауы Гинезол
Халықаралық патенттелмеген атауы Миконазол
Дәрілік түрі Сықпада 45 грамнан крем
Құрамы 1 грамм крем құрамыБелсенді заттары: 20мг миконазол нитраты Қосымша заттары: тазартылған су, бензой қышқылы, пегоксол 7-стеараты, пегликол 5-олеаты, минералды май, бутилирленген гидроксианизол.
Сипаттамасы Құрамында бөтен қоспалары мен бөлшектері жоқ бірыңғай, ақ немесе әлсіз ақ түсті крем.
Фармакотерапиялық тобы Антисептиктермен микробқа қарсы препараттар олар гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған. Имидазол туындылары. Код АТС G01АF04
Фармакологиялық қасиеттері Зеңге қарсы әсері зеңдердің жасуша мембранасының түзілуіне қажет эргостериннің синтезін бұзуына негізделген. Миконазол нитраты - ашытқы және ашытқы тәрізді зеңдер (Candіda albicans, Candіda glabrata және басқа да Candіda түрлері) жөнінде белсенді, сондай-ақ әсіресе грам оң бактериялар жөніндегі айқындығы жоғары бактерияларға қарсы зат.
Қолданылуы - қынаптық және вульвоқынаптық микоздар - грам оң микроорганизмдер туғызған асқын жүқпа, - баланит.
Қолдану тәсімі мен дозалары Сыртқа, кремнің аздаған мөлшерін сыртқы жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарына жағады және/немесе аппликатордың көмегімен қынапқа енгізеді, тәулігіне бір рет түнге қарай 6-7 күн бойы. Қынаптық зақымданудың емделу тиімділігі тек жыныстық серіктесін бірге емдегенде ғана байқалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|