Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 18 наурыздағы № 53 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Глазал-окси
Халықаралық патенттелмеген атауы Оксиметазолин
Дәрілік түрі 0,01%, 0,05% мұрын тамшылары
Құрамы 100 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат- оксиметазолин гидрохлориді 0,01 г, 0,05 г. қосымша заттар: натрий хлориді 0,4 г, бір орын басқан фосфорқышқылды натрий 2-сулы 0,3 г, екі орын басқан фосфор қышқылды натрий 12-сулы 0,68 г, рН 4,0 - 6,5 хлорсутекті 1 М қышқылын алғанға дейін, тазартылған су 100 мл-ге дейін.
Сипаттамасы Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш түсті сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқадай мұрын препараттары. Симпатомиметиктер АТЖ коды R01АА05
Фармакологиялық қасиеттері Альфа-адреномиметик, имидазолин туындысы, жергілікті қолдануға арналған дәрі. Төмен концентрацияларда негізінен альфа2-адреномиметикалық әсер береді, жоғары концентрацияда альфа1-адренорецепторларға әсер етеді. Интраназальді қолданғанда жүйелі әсер етпейді. Қан тамырларына тарылтушы әсер етеді, мұрын және жоғары тыныс алу жолдарының ісінуін азайтады. Жергілікті интраназальді қолданғанда шырышты қабықты тітіркендірмейді, гиперемияны туындатпайды. Қабылдағаннан кейін әсері 15 минуттан соң байқалады да, 6 - 8 сағат бойы жалғасады.
Қолданылуы - жедел ринитте (оған аллергиялық ринит те жатады) - вазомоторлы ринитте - параназальді синуситте - евстахиитте Шырышты қабық қан тамырларының тарылту үшін диагностикалық мақсатта (дәрігердің қадағалауымен).
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|