Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 3 наурыздағы № 32 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы ГливекÒ
Халықаралық патенттелмеген атауы Иматиниб
Дәрілік түрі100 мг 400 мг қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - иматиниб (мезилат түрінде), 100 мг және 400 мг қосымша заттар: микрокристалдық целлюлоза, кросповидон, гипромелоза, магний стеараты, кремний қостотығы, қабықтың құрамы: гипромелоза, қызыл темір тотығы (Е172), сары темір тотығы (Е172), макрогол, тальк
Сипаттамасы Түсі қошқыл-сарыдан қоңыр-қызғылт-сарыға дейінгі, дөңгелек (100 мг), сопақ, шеттері қиық (400 мг) екі жағы дөңес, бір жағында “NVR“, екінші жағында “S/A” (100 мг) және “SL” (400 мг) деген жазуы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Антинеопластикалық дәрілер. АТЖ коды L01ХХ28
Фармакологиялық қасиетттеріФармакокинетикасы Бір рет қолданған кезде Гливектің фармакокинетикасы 25-тен 1000 мг-ге дейінгі аралықта зерттелді. Фармакокинетикалық түрлерін қолданудың 1-ші күні, сондай-ақ 7-ші немесе 28-ші күндері, яғни плазмадағы қанығу деңгейінің тепе-теңдігіне жеткен кезде зерттелді. Сіңуі Ішке қабылдағаннан кейін биожетімділігі 98% құрайды. “Концентрация-уақыт” фармакологиялық қисық астындағы аудан көрсеткіштеріне арналған өзгеру коэффициенті (AUC) 40-60% құрайды. Препараттың құрамында майы көп тамақпен бірге тағайындаған кезде, сіңу дәрежесі ашқарынға қабылдаумен салыстырғанда, сіңу дәрежесінің мардымсыз бәсеңдегені байқалады. Таралуы Плазма ақуыздарымен байланысуы 95%-ға жуықты құрайды (негізінен альбуминмен және қышқыл альфа-гликопротеинмен, аздаған дәрежеде - липопротеинмен). Шығарылуы Өзгермеген күйінде 25%-ға жуығы (20% - нәжіспен және 5% - несеппен бірге) шығарылады. Препараттың қалған дозасы метаболиттер түрінде шығарылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|