Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 13 мамырдағы № 169 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Глюкоза
Халықаралық патенттелмеген атауы Декстроза
Дәрінің түрі Инфузияға арналған 5%, 10% ерітінді.
Құрамы100 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - глюкоза 5,0г немесе 10,0г, қосымша заттар - натрий хлориді, хлорлы сұйқтық қышқылы, инъекцияға арналған су 100 мл дейін.
Фармакотерапиялық тобы Плазмаалмастырушы және перфузиондық ерітінді. Басқа ирригационды ерітінділер.
АТЖ коды ВА05СХО1
Сипаттамасы Мөлдір, түссіз немесе аздаған сарғыш сұйықтық
Фармакологиялық қасиеттері Фармакодинамикасы Глюкоза организмдегі маңызды моносахарид және энергия көзі болып табылады. Оның калориялығы 4 ккал/г құрайды. Барлық жасушалар глюкозаны тотықтандыра алады, ол организмдер үшін басты қуат көзі болып табылады. Зат алмасуының түрлі процесіне қатысуы арқасында глюкоза организмге көпқырлы әсер етеді: тотықтану қалпына келу процестерін күшейтеді, бауырдың уытқайтарғыш әрекетін жақсартады. Глюкозаны енгізгеннен кейін протеиндер мен азот тапшылығы азайып, гликогеннің жинақталуы жылдамдайды. Глюкоза ерітіндісін құю ішінара су тапшылығын да толықтырады. Глюкозаның 5% изотониялық ерітіндісі уытсыздандыратын, метаболиялық әсер етеді, құнды оңай сіңірілетін қоректік заттардың көзі болып табылады. Көк тамырға гипертониялық 10% глюкоза ерітіндісін енгізгенде қанның осмотикалық қысымы артып, тін сұйықтығының қанға ағып келуі күшейеді де, зат алмасу процесі ұлғаяды, уытсыздандыру қызметі жақсарып, диурез арта түседі. Фармакокинетикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|