Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесіне қатысушыларды стационарлық көмек (стационарды алмастыратын) мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 4 тамызындағы № 1174 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес, денсаулық сақтау саласының басшылары және мамандары үшін денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесіне қатысушыларды стационарлық көмек (стационарды алмастыратын) мәселелері бойынша оқытудың бағдарламасы; 2) бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес, облыстар, республикалық маңызы бар қала және Астана бойынша оқыту кестесі және ұстаздар құрамы; 3) осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес, оқытуға тиісті денсаулық сақтау саласының басшылары және мамандар құрамы. 2. «Денсаулық сақтау саласының инвестициялық жобаларын басқару орталығы» жауапкершілігі шектеулі серістестігі (Э.А. Төлегенов) «Денсаулық сақтау жүйесін қайта қалыптастыру» республикалық бюджеттік 029 бағдарлама қаржысының есебінен оқытуды ұйымдастыру және өткізудің қаржысын төлеуді жүзеге асырсын. 3. Облыс, республикалық маңызы бар қала және Астананың жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау басқармалары ұйымдарының, республикалық ғылыми ұйымдардың және денсаулық сақтау саласындағы оқыту ұйымдарының жетекшілері (келісу бойынша) осы бұйрықтың 2 және 3 қосымшасына сәйкес, оқуға денсаулық сақтау саласындағы жетекшілер мен мамандарды жолдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|