Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 3 шілдедегі № 226 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы ГлюренормÒ (Glurenorm®)
Халықаралық патенттелмеген атауы Гликвидон
Дәрілік түрі 30 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 30 мг гликвидон, қосымша заттар: лактоза, құрғақ жүгері крахмалы, жүгері крахмалы 06598, магний стеараты
Сипаттамасы Тегіс, дөңгелек, ақ түсті, жиегі кертілген таблеткалар, бір жақ бетінде бөлетін сызығы бар және екі жағында да «57С» деп ойып жазылған; басқа бетінде - фирма логосы бар.
Фармакотерапиялық тобы Ішілетін гипогликемиялық препараттар. Сульфонилмочевина туындылары. АТЖ коды А10ВВ08
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Гликвидон асқазан-ішек жолынан тез (АІЖ) және іс жүзінде толық сіңеді. Глюренормның бір реттік дозасын (30 мг) ішке қабылдаған кезде препарат плазмада ең жоғары қанығу деңгейіне 2-3 сағаттан соң жетеді, 500-700 нг/мл құрайды және ½ сағаттан соң 50%-ға төмендейді. Глюренорм бауырда толық өзгеріске ұшырайды. Метаболиттердің негізгі бөлігі өтпен және нәжіспен бірге шығарылады. Несеппен бірге метаболиттердің тек аздаған бөлігі ғана шығарылады. Дозаға және енгізу тәсіліне қарамай, препараттың енгізілген дозасының 5%-ға жуығы (метаболиттер түрінде) несептен табылады. Глюренормның несеппен бірге шығарылу деңгейі оны тіпті ұдайы тағайындаған кезде өте аз күйінде қалады. Фармакодинамикасы Ішілетін қант деңгейін төмендететін дәрі, ІІ буынды сульфонилмочевина туындысы. Глюренорм ұйқы безінің бета-жасушалармен инсулинді жасап шығаруын ынталандырады, шеткергі тіндердің инсулинге сезімталдығын арттырады, май тіндерінде липолизді тежейді. Әсері тез және айқын болады. Ұзақ уақыт гиперинсулинемияны тудырмайды.
Қолданылуы - орта және егде жастағы емделушілерде 2-түрдегі қант диабетін (диетамен емдеу тиімсіз болған кезде).
Қолдану тәсілдері және дозасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|