|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-бөліктермен толықтырылсын: «6-1. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді конкурстық құжаттамаға енгізбеу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу,-лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 6-2. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлердің салыстырмалы мәнін баға ұсыныстарына қолданбау бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу,- лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; оныншы бөліктегі «бірінші және төртінші» деген сөздер «бірінші, төртінші, 6-1 және 6-2-» деген сөздермен ауыстырылсын; ескерту мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «6-1-бөлікте - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын; 6-2-бөлікте - конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;». 2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 22, 170-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 11-1), 18-1) және 20-1) тармақшалармен толықтырылсын: «11-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бақылауға және оның мониторингіне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды өткізуге және олардың тізбесін түзуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;»; «18-1) жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі қазақстандық қамту - жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттарының бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне, қызмет көрсетуге ақы төлеу қорындағы қазақстандық қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;»; «20-1) кадрлардағы қазақстандық қамту - жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санаты бойынша бөле отырып, келісім-шартты орындау кезінде жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың саны;»; 29-1), 30) және 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «29-1) Қазақстанда шығарылатын тауар - Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғанын растайтын, тауардың ішкі айналыс үшін шығарылғаны туралы сертификат берілген тауар; 30) қазақстандық жұмыс орындаушылар, қызмет көрсетушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері. Қазақстан Республикасының резиденттері деп Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ қызметкерлерінің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын олардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары танылады; 31) қазақстандық тауар өндіруші - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары;»; 32) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын: «48-1) тауардағы қазақстандық қамту - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық қамтылуы;»; 49) тармақшадағы «, оның ішінде Қазақстанда шығарылғандарының,» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын: «53-1) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;»; 2) 7-бап мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын: «17) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекітеді.»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттар талаптарын орындауының мониторингін және оны бақылауды жүзеге асыру.»; 9) тармақшадағы «қазақстандық мазмұн» деген сөздер «тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы қазақстандық қамту» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын: «14) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысанын және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алған тауарлары, жұмыстары мен көрсетілген қызметтері туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелерін орындауы туралы есептерінің нысандарын бекіту; 15) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүргізілгені, жүргізіліп жатқаны және есепті кезеңнен кейінгі жылға жоспарланатыны туралы ақпаратты жинау және талдау; 16) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін түзу және жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін әзірлеу; 17) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен ақпарат сұрату; 18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы қазақстандық қамту бойынша жалпы ақпаратты сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға беру; 19) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру.»; 4) 8-1-бап мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын: «15) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт талаптарын орындауының мониторингін және оны бақылауды жүзеге асырады.»; 1-тармақтың 1), 3), 4), 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын; 2-тармақта: 1) тармақшадағы «қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық мазмұнды» деген сөздер «кадрлардағы қазақстандық қамтуды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «қазақстандық кадрларды тарту бөлігінде қазақстандық мазмұн» деген сөздер «кадрлардағы қазақстандық қамту» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы қазақстандық қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту бөлігінде, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімі арқылы келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;»; 3-3) тармақшада: «түзу» деген сөз «түзу және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын; «сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға» деген сөздер «құзыретті органға» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 41-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «қазақстандық мазмұн» деген сөздер «тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы қазақстандық қамту» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-3) тармақшадағы «қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді» деген сөздер «Қазақстанда шығарылатын тауарларды, қазақстандық өндірушілердің жұмыстары мен көрсететін қызметтерін» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-5) тармақшамен толықтырылсын: «4-5) Қазақстан Республикасының аумағында келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жобалау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған қаражатты игеру жөніндегі міндеттемелері;»; 7) тармақшадағы «қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер» деген сөздер «Қазақстанда шығарылатын тауарлар, қазақстандық өндірушілердің жұмыстары мен көрсететін қызметтері» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) Қазақстан Республикасының аумағында келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жобалау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған қаражатты игеру жөніндегі қабылданған міндеттемелері;»; 2-2-тармақтағы «қазақстандық мазмұн бойынша да,» деген сөздер «тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-4-тармағы «міндеттемелері» деген сөзден кейін «, сондай-ақ кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелері» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 44-баптың 7-тармағындағы «қазақстандық мазмұн бойынша» деген сөздер «тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) тармақшадағы «жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге қазақстандық ұйымдарды» деген сөздер «қазақстандық жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) құзыретті органға кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелерді орындауы туралы есеп беруге;»; 13-1) және 13-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «13-1) жыл сайын, сатып алуды өткізу үшін жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, құзыретті орган бекіткен нысан бойынша осы құзыретті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға; 13-2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, құзыретті орган бекіткен нысан бойынша осы құзыретті органға сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы есеп беруге;»; 19) тармақшадағы «жүргізуге міндетті.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын: «20) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге; 21) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімінде тіркелуге міндетті.»; 13) 63-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «63-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу 1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның ішінде қосалқы мердігерлердің сатып алуы мынадай тәсілдердің бірі: 1) ашық конкурс; 2) бір көзден сатып алу; 3) баға ұсыныстарын сұрату; 4) электрондық сатып алу жүйесі арқылы; 5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады. 2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2-тармақтын 13) тармақшасының оныншы абзацы 2010 жылғы 1 қазаннан қолданысқа енгізілді 3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімі міндетті түрде пайдаланыла отырып, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жүргізіледі. 4. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сатып алуды өткізу туралы хабарландыру, конкурстық өтінімдерді ашу хаттамалары мен қорытындылар шығару хаттамалары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімінде және аптасына кемінде үш рет жарияланатын және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде міндетті түрде орналастырылуға тиіс. 5. Жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен өткізуге міндетті. 6. Осы баптың талаптары: 1) кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға; 2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға; 3) жер қойнауын пайдалану құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаларға қолданылмайды. 7. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өткізілген конкурс нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алутың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртібін бұза отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығыстар құзыретті орган ескеретін шығыстардан жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауы ретінде алып тасталады.»; тақырыптағы және 1-тармақтағы «өндірушілерді», «өндірушілерден» деген сөздер тиісінше «тауар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды және қызмет көрсетушілерді», «тауар өндірушілерден, жұмыс орындаушылардан және қызмет көрсетушілерден» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «Сатып алатын тауарлардың» деген сөздер «Тауарлартың» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «өндірушілердің» деген сөз «тауар өндірушілердің, жұмыс орындаушылардың және қызмет көрсетушілердің» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат): 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын: «24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы қазақстандық қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға береді; 25) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзеді.». 4. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат): 1) 34-баптың 8-тармағы алып тасталсын; 2) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын: «34-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекшеліктері 1. Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережелері негізінде жүзеге асырылады. Жанама иелену әрбір келесі ұйымның өзге ұйым акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызын меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен иеленетінін білдіреді. 2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар: 1) тендерге қатысушыларға ұсынылатын тендерлік құжаттамада тендерге қатысушылардың - қазақстандық тауар өндірушілердің, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілердің бағаларын шартты түрде төмендету жөніндегі талаптарды көздеуге; 2) қазақстандық тауар өндірушілердің, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілердің өтінімдерін қарау және тендер жеңімпазын таңдау кезінде бағаларды шартты түрде төмендетуді қолдануға; 3) тендерге қатысушылардың баға ұсыныстары тең болған кезде қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілерге артықшылық беруге тиіс. 3. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде осы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпарат беруге міндетті. Қазақстандық қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бойынша айқындалады.». 5. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат): 1) 17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы «барлық өлшемдердің» деген сөздерден кейін «, оның ішінде қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 21-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы «шарттарын қамтуға тиіс.» деген сөздер «шарттарын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын: «18) қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелерді; 19) концессионердің сатып алуды жүргізу үшін жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасы мен сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты жыл сайын беру жөніндегі міндеттемелерін қамтуға тиіс.». 6. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар): 1) 1-бапта: 5) тармақшадағы «тауарларға,» деген сөздер алып тасталсын; 6-1) және 6-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «6-1) қазақстандық қамту - мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндіру критерийлеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығарылым үлесі (үлестері) құнының мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |