Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 10 қазандағы № 170 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың қолданылуы жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Гриппостад® Рино Grippostad® Rhino
Халықаралық патенттелмеген атауы Ксилометазолин
Дәрілік түрі Ересектердің мұрнына тамызуға арналған 0,1% тамызғы дәрілер
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 1 мг ксилометазолин гидрохлориді, қосымша заттар: бензалконий хлориді, лимон қышқылының моногидраты, глицерол, натрий цитраты дигидраты, тазартылған су бар.
Сипаттамасы Көзге көрінетін бөгде бөлшектері жоқ, мөлдір, түссіз ерітінді; иіссіз дерлік
Фармакотерапиялық тобы Мұрын ауруларын емдеуге арналған препараттар, деконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқадай препараттар, симпатомиметиктер. АТЖ коды R01АА07
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ксилометазолин жергілікті, мұрын ішіне қолданылады. Мұрын ішіне тиісті дозада қолданған кезде іс жүзінде сіңбейді, алайда препарат дозасын арттыру, жүйелік жағымсыз әсерлердің даму салдары ретінде, жүйелік сіңуге әкелуі мүмкін. Әсердің басталуы 5-10 минуттан соң байқалады және бір рет қолданудан кейін деконгестанттың әсері 10 сағатқа дейін жалғасады. Фармакодинамикасы Имидазолиннің туындысы - ксилометазолин альфа-адренергиялық әсері бар симпатомиметик болып табылады. Бета-адренорецепторларға ықпалын тигізбейтін, тікелей әсер ететін альфа-адренорецепторлардың агонисті бола отырып, ксилометазолин норэпинефриннің босап шығуы арқылы жүзеге асатын тікелей емес симпатомиметикалық әсер көрсетпейді. Ксилометазолин мен норэпинефриннің құрылымдық ұқсастығының арқасында ксилометазолиннен болған альфа-1 және альфа-2 рецепторлардың ынталануы вазоконстрикцияға әкеледі. Бұл шырышты қабықтардың ісінуінің азаюына және секрет ағынының жақсаруына мүмкіндік береді, ол мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді.
Қолданылуы Мыналарда мұрынжұтқыншақ шырышының ісінуін азайту үшін: - жедел ринитте Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|