Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 11 маусымдағы № 135 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы «Гэвкамен» жақпа майы
Халықаралық патентелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Жақпа май
Құрамы 25 г жақпа майдың құрамында белсенді заттар: dl-ментолға немесе l-ментолға шаққанда рацемиялық ментол - 18,0 г рацемиялық камфора - 10,0 г эвкалипт майы - 10,0 г қосымша заттар: қайта айдалған қалампыр майы, медициналық парафин, медициналық вазелин
Сипаттамасы Ақ немесе сарғыш реңі бар ақ түсті жақпа май, өзіне тән исі бар
Фармакотерапиялық тобы Буындар мен бұлшық еттердегі ауыру кезінде сыртқа қолдануға арналған жақпа май. Басқа дәрілер. АТЖ коды M02AX10
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетиксыа Зақымданбаған теріге окклюзиялық таңғыш астына жаққаннан кейін орташа алғанда 0,2-2,8 мм/сағат жылдамдықпен сіңеді. Жүйелі сіңуі 0,1% аз. Окклюзиялық таңғыш астына 8 г жақпа майды жаққаннан кейін 8 сағат өткенде қан плазмасындағы камфораның деңгейі 41,0±5,8 нг/мл құрайды және оған 5,6±1,3 сағат өткенде; ментолдікі 31,9±8,8 нг/мл құрайды және оған 4,7±5,4 сағат өткенде жетеді. 4 мг дозада жаққанда камфора мен ментолдың деңгейлері тиісінше 26,8±7,2 нг/мл және 19,0±5,4 нг/мл құрайды. 2 г мөлшерде жаққаннан кейін камфора мен ментол жүйелі қан айналымынан байқалмайды. Сіңуге ұшыраған жақпа майдың терпендік компоненттерінің бөлігі одан әрі қарай сулы тотық-туындыларын түзе отырып бауыр цитохромдары жүйесімен тотықтанады, одан кейін олар одан кейін глюкурон қышқылымен конъюгирленеді және несеппен (41,1-47,7%) және шырыш бездері сөліністерімен бөлініп шығады. Тері бетіне жағылған жақпа майдың барлық дозасының 0,014% өзгермеген түрде бөлініп шығады. Фармакодинамиксыа Гэвкамен жақпа майы жергілікті айқын тітркендіргіш және аулақтатқыш, жергілікті әлсіз қабынуға қарсы әсер етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|