|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Ташкент қаласына (Өзбекстан Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Шанхай ынтымақтастық ұйымынан Байқаушылар миссиясының құрамында 2009 жылғы 27 желтоқсанда өтетін Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісінің Заң шығарушы палатасына сайлауды байқауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 24 - 28 желтоқсан кезеңіне Ташкент қаласына (Өзбекстан Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Ташкент - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2151 қаулысына қосымша
Ташкент қаласына (Өзбекстан Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |