ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 Бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 634 бұйрығына 2-қосымша
Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау
1. Осы Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды айқындайды. 2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау әр моделі үшін бірдей болуы, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысының және осы Ереженің талаптарына қайшы келмеуі тиіс. 3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау - тұтынушыға арналған ақпарат жазылған және заттаңбаға, контрэтикеткаға, кольереткаларға, затбелгіге, қаптамаға (ыдысқа) немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың өзіне жапсырылған мәтін, тауарлық белгі, шарты белгілер және суреттер; 2) медициналық техниканың пайдалану құжаты - медициналық техниканы өндіруші әзірлейтін тұтынушыға арналған құжат, онда медициналық техниканың құрылымы, әрекет ету принциптері, өлшемдері, сипаты (қасиеті), оның құрамдық бөліктері туралы деректер; медициналық техниканы дұрыс әрі қауіпсіз пайдалануға (тағайындау бойынша қолдану, техникалық қызмет көрсету, сақтау және тасымалдау) арналған нұсқаулар; пайдалану жөніндегі деректер; өндіруші туралы, бұйымды жеткізуші және олардың кепілді міндеттері туралы ақпараттар қамтылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|