|
|
|
Кеден одағының кедендік аумағында сәйкестікті міндетті
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2010 жылғы 20 мамырдағы № 276-IV Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын кеден одағына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын Қалыптастыру туралы шартты және 2008 жылғы 25 қаңтардағы Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімді негізге ала отырып, мына: Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) шеңберінде Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру (бұдан әрі - кеден одағы), кеден одағының кедендік аумағында өнімнің (тауарлардың) еркін айналымын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, кедендік аумаққа әкелу тәртібін айқындау және сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімді Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізу мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім бірыңғай кедендік аумаққа әкелінетін, сәйкестігін міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімге (бұдан әрі - өнім), сондай-ақ бір Тарап мемлекетінің аумағынан басқа Тараптар мемлекеттерінің аумағына өткізілетін өнімге қолданылады. Осы Келісім осы өнімге арналған ЕурАзЭҚ техникалық регламенті күшіне енгенге дейін өнімге қатысты қолданылады.
Тараптар: сертификаттау жөніндегі (сәйкестікті бағалау (растау) органдары (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі орган) мен өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуді өзара мойындауға; өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау (растау) (бұдан әрі - сәйкестікті растау) жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара мойындауға; өнімнің Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға қатысты Тараптар мемлекеттерінің өтініш берушілері (дайындаушылары, өнім берушілері мен импорттаушылары) үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге қол жеткізу мақсатында сәйкестік растау саласында келісілген саясат жүргізеді. Сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуді өзара мойындау шарттары Тараптардың жеке келісімімен айқындалады.
Өнім Тарап мемлекетінің аумағына осы мемлекеттің заңнамасына және осы Келісімге сәйкес айналысқа шығарылады.
1. Осы Келісімді іске асыру мақсатында Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - Бірыңғай тізілім) қалыптастырылады. Сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) Бірыңғай тізілімге енгізу, сондай-ақ Бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін Кеден одағының комиссиясы белгілейді. 2. Егер оған қатысты Тараптар бірдей міндетті талаптарды, сәйкестікті растаудың бірдей нысандары мен схемаларын, сондай-ақ сәйкестікті растауды өткізген кезде өнімді зерттеудің (сынаудың) және өлшеудің бірдей немесе салыстырмалы әдістерін белгілеген өнім мынадай: сертификаттауды Бірыңғай тізілімге енгізілген сертификаттау жөніндегі органның өткізуі; сынақтарды Бірыңғай тізілімге енгізілген сынақ зертханаларында (орталықтарында) өткізу; сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларацияларды бірыңғай нысан бойынша ресімдеу шарттары сақтала отырып, Тараптар мемлекеттерінің кез келгенінің аумағында сәйкестікті растаудың белгіленген рәсімдерінен өтсе, ол бірыңғай кедендік аумаққа айналысқа жіберіледі. Сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай нысанын Кеден одағының комиссиясы белгілейді. 3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өнім бірыңғай құжаттар беру арқылы кеден одағы шеңберінде Сәйкестікті растауға жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі - Бірыңғай тізбе) енгізіледі. Бірыңғай тізбені қалыптастыруды, бекітуді және жүргізуді Кеден одағының комиссиясы жүзеге асырады.
Мынадай: өнімді зерттеудің (сынаудың) және өлшеудің бірдей немесе салыстырмалы әдістерін қолдану; Сынақтарды Бірыңғай тізілімге енгізілген сынақ зертханаларында (орталықтарында) жүргізу шарттары сақталған жағдайда өнімнің сәйкестігін растау кезінде бір Тарап мемлекетінде алынған өнімді сынау нәтижелерін (сынақ хаттамаларын) Тарап мемлекетінің Бірыңғай тізілімге енгізілген сертификаттау жөніндегі органы мойындайды.
1. Тарап мемлекетінің аумағында дайындалған, басқа Тараптар мемлекеттеріне жеткізілетін және жеткізілетін Тарап мемлекетінде сәйкестігі декларациялануға жататын өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны қабылдауды аумағында өнім дайындалған Тарап мемлекетінің дайындаушысы немесе жеткізілетін Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жеткізілетін Тарап мемлекетінің жеткізушісі жүзеге асырады. 2. Егер жіберілген бұзушылықтардың тым болмаса біреуі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің айналысқа шығуына әкеп соқса, аумағында өнім дайындалған, сәйкестік туралы декларацияны жеткізілетін Тарап мемлекетінің декларациялау ережелерін бұза отырып қабылдаған Тарап мемлекетінің дайындаушысы жеткізілетін Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
1. Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары өз мемлекеттерінің аумағында мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізген кезде өнімнің Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда, мүмкіндігінше қысқа мерзімде бұл туралы басқа Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарына хабарлайды және мұндай өнімді олардың аумақтарына жібермеу шараларын қабылдайды. 2. Осы Келісімнің қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттерден (бұдан әрі - үшінші елдер) өзара жеткізілетін немесе жеткізілетін және Тараптардың бірінің мемлекетінде сәйкестікті растаудың белгіленген рәсімдерінен өткен өнімге қатысты сәйкестікті қосымша растау Тараптар мемлекеттерінің техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын және (немесе) үйлестіретін уәкілетті органдарынан, халықаралық ұйымдардан немесе үшінші елдерден осы өнімнің адам өмірі мен денсаулығына, мүлікке және қоршаған ортаны қорғауға, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі мен саулығына қауіп тудыратыны немесе тұтынушыларды жаңылыстырғаны туралы ақпарат келіп түскен жағдайда жүзеге асырылады.
Тараптар Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес сәйкестікті растауға қатысты қажетті мәліметтер мен құжаттарды Кеден одағының комиссиясына беруді қамтамасыз етеді.
Осы Келісімді талқылауға және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі. Егер дауласушы Тараптың бірінің екінші дауласушы Тарапқа жіберген консультациялар және келіссөздер өткізу туралы ресми жазбаша өтініші түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, онда дауласушы Тараптар арасында дауды шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде Тараптардың кез келгені осы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін береді.
Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін ол басқа мемлекеттердің оған қосылуы үшін ашық, қосылған мемлекеттерге қатысты осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.
Санкт-Петербург қаласында 2009 жылғы 11 желтоқсандағы орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |