|
|
|
В.Э. Буссты Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жалпы еңбек нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыру және жұмыс күшінің көші-қонын реттеу тұжырымдамасын келісу жөніндегі сарапшылар жұмыс тобының отырысына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту басқармасының бастығы Виктор Эвальтович Бусс 2009 жылғы 20 - 24 желтоқсан кезеңіне Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі В.Э. Буссқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Минск - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |