|
|
|
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы (2012.28.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.09.03. № 238 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.03. № 304 Қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді
ҚР Үкіметінің 2011.09.03. № 238 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған «Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.09.03. № 238 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен тақырыбындағы және мәтініндегі «көрсету» деген сөз алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысымен бекітілген
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы стандартқа 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары көші-кон полициясының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көші-қон полициясы бөлімшелері) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 362 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызмет «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңның 2 және 4-баптарына, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9 және 49-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Халықты құжаттандыру қағидаларына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) www.mvd.kz және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясының бөлімшелерінде орналасқан стенділерде орналастырылады. 5. Азаматтарды тіркеу кітабында, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерінде тіркеу туралы мөртаңба қою немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нәтижесі болып табылады. 1) «тұрақты тұру үшін» санатындағы визасы бар; 2) Қазақстан Республикасында өзге де заңды негізде уақытша болатын (визалар негізінде не кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісімнің негізінде) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 362 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Мемлекеттік қызмет мерзімдері: 1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған және өтініштің қабылданғаны туралы талонды алған сәтінен бастап - күнтізбелік 60 күн; 2) Қазақстан Республикасына көшіп-қону квотасына сәйкес келген шетелдіктер қажетті құжаттарды тапсырған және өтініштің қабылданғаны туралы талонды алған сәтінен бастап - күнтізбелік 10 күн; 3) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут; 4) тіркеуді жүзеге асыру кезінде алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут. ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттік қызмет үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті телемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызын құрайды. Мемлекеттік баждың сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын құжат береді. 9. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күнінде ұсынылады, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау нақты кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін көші-қон полициясы бөлімшелерінің үй-жайлары әдетте, ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған құрылғылары бар кіретін есігі болады. Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділерімен жарақталады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 362 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы: 1) «тұрақты тұру үшін» санатындағы визасы бар адамдар: Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері мен көші-қон полициясы бөлімшелері беретін «тұрақты тұру үшін» санатындағы визасы бар жарамды паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; өлшемі 35x45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы алаңының 75%-ға жуығын алуы тиіс); 2) Қазақстан Республикасында өзге де заңды негізде уақытша болатын адамдар: бланкісін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін өтініш-сауалнаманы; келген елінде соттылығының бар болуын не жоқтығын растайтын құжатты; кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде болуы мүмкін шетелдіктің азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімін; жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары беретін медициналық куәландыру туралы ресми анықтаманы; Қазақстан Республикасында болу кезеңінде төлем қабілеттігін растау туралы белгіленген үлгідегі құжатты; өлшемі 35x45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы алаңының 75%-ға жуығын алуы тиіс) ұсынады. Көшіп-қону квотасына сәйкес Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер мынадай құжаттарды: көшіп-қону квотасына қосылғанын растайтын құжатты; бланкісін көші-кон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін өтініш-сауалнаманы; кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде болуы мүмкін шетелдіктің азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімін; жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; өлшемі 35x45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс) ұсынады. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан және азаматтығы жоқ адамның мәртебесін немесе шет мемлекеттің азаматтығын алған азаматтар елден тыс жерге шықпай мынадай құжаттарды: бланкісін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін өтініш-сауалнаманы; жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; мекенжай анықтамасын; мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек; өлшемі 35x45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75 %-ға жуығын алуы тиіс) ұсынады.
Ескертпе: Оралмандардан, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған отандастардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатып алу құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерінен 2) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Ішкі істер органдары құжаттарды заңды және жеке делдал тұлғалардан қабылдауды жүзеге асырмайды. Тіркеу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы оң шешім шығарылған жағдайда тұтынушы көші-қон полициясы бөлімшесіне: шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды тіркеуге келісім беретін адамның азаматтарды тіркеу кітабын; мемлекеттік бажды төлегені туралы құжатты; бланкісі көші-қон полициясының бөлімшелерінде берілетін толтырылған мекенжай келу парағын; бланкісі көші-қон полициясының белімшелерінде берілетін келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талонын көрсетеді. 12. Бланкілерді көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері береді, сондай-ақ ІІМ-нің www.mvd.kz, ІІД-нің интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылады, олардың тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 13. Толтырылған өтініштер мен осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген бланкілер тұтынушының болатын жері бойынша көші-қон полициясы бөлімшелеріне тапсырылады. 14. Көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері тұтынушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді. 15. Тіркеу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы тұтынушыға көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері ішкі істер органдарының басшылары қорытындыға қол қойған сәттен бастап 7 жұмыс күні мерзімінде телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етеді. ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 362 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Көшіп-қонушыларға: 1) заңсыз келгендерге, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін өздері шыққан елдердің заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған адамдарға; 2) сотталғанға дейін тұрақты тұратын жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға; 3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға; 4) оралмандарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған отандастарымызды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатып алу құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, өзінің төлем қабілеттілігін растауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде табыс етпеген адамдарға; 5) шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзғандарға; 6) ұлтаралық және діни араздықты тұтандыратын адамдарға; 7) әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға; 8) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның бірлігі мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға; 9) террористік әрекеті, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға; 10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдау хатпен жүгінген кезде жалған құжаттар ұсынған не өзі туралы жалған мәліметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаған адамдарға; 11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу сәтінде Қазақстан Республикасынан бес жылдың ішінде шығарып жіберілген адамдарға; 12) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса; 13) Қазақстан Республикасынан уақытша шыққан және Қазақстан Республикасына қайып оралуға өтініш берілген мерзімнен алты ай өтіп кеткен соң оралмаған адамдарға; 14) егер неке соттың заңды күшіне енген шешімімен заңсыз болып танылса, тұруға ыхтиярхатты алуға негіз болған Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеге отырған адамдарға; 15) Қазақстан Республикасына кіру үшін қарсы көрсетілімі бар сырқаты бар адамдарға «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылады. Тұруға ыхтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
17. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты, Ішкі істер органдары қызметкерінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын ІІМ-нің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша ІІД-нің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің, (бұдан әрі - КҚПК) ІІМ хатшылығынан алуға болады. ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 362 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы шағымды ҚКПК-ге мына мекенжай бойынша береді: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, телефон 71-42-62. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін. 22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атына мынадай мекенжай бойынша: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1; телефон: 8 7172) 71-40-10, факс 8 (7172) 37-06-01, жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, сондай-ақ www.mvd.kz интернет-ресурсында беріледі. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым ерікті нысанды жазбаша түрде пошта, электрондық пошта не ІІО-ның, ІІД-нің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің, ІІМ-нің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюы тиіс. 25. Қабылданған шағым ішкі істер органының ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі. Өтінішті/арызды күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады. ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 362 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, КҚПК; IIМ-нің интернет-ресурсы: www.mvd.kz, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 71-42-62, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес IIД-ден алуға болады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2101 қаулысымен бекітілген мемлекеттік 1-қосымша
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |