Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 213-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспедегі «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына» деген сөздер «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесінде: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақмола облысы Степногор қаласының Қарабұлақ ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушылар (бұдан әрі - Бағдарламаға қатысушылар) - оралмандар не Қазақстан Республикасының азаматтығын алған және соңғы үш жылда республика аумағында тұратын көшіп келушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алған немесе ресімдеп жүрген, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында меншік немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері бар көшіп келушілер;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|