|
|
|
Душанбе қаласына (Тәжікстан Республикасы) іссапарға жіберілген Қ.И. Секербаевтың және М.О. Мұқажановтың
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес 2009 жылғы 26 - 28 мамыр кезеңінде Душанбе қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Шекараларды басқару жөніндегі колледжінің ресми ашылуына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орталық аппаратының басқарма бастығы Құдайберген Изатұлы Секербаевтың және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты бастығының орынбасары Мұрат Орыспайұлы Мұқажановтың қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Душанбе - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға жұмсаған шығындарын 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен өтесін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |