|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 және 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында: көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында: «Қаржы секторын тұрақтандыру» деген бөлімде: алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Біріншіден, бұл жай және/немесе ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу және экономиканың нақты секторын қаржыландыру үшін қаражатты депозиттерге орналастыру түрінде төрт жүйе құраушы банкті қосымша капиталдандыру және қаржыландыру.»; сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы 487,5 млрд. теңгені құрайды, ол жай және/немесе ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу және экономиканың нақты секторын қаржыландыру үшін депозиттерге орналастырылатын болады.»; мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «Самұрық-Қазына» коры банктер акцияларының бақылау пакетін иеленуі мүмкін.»; оныншы абзац алынып тасталсын; он бірінші абзацтағы «Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады.» деген сөйлем алынып тасталсын; он екінші абзац алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «II. Қаржы секторын тұрақтандыру» деген бөлімде: реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын: «
»; реттік нөмірі 2.5-жол мынадай редакцияда жазылсын: «
»; реттік нөмірі 2.9-жолдағы «25% дейін» деген сөздер алынып тасталсын; реттік нөмірі 2.13-жол алынып тасталсын: «III. Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген бөлімде: реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын: «
»; реттік нөмірі 10.2-жолда: 2-бағандағы «ҚИК» АҚ мен» деген сөздер алынып тасталсын; 3-бағандағы «ҚИК» АҚ» деген аббревиатура алынып тасталсын; реттік нөмірі 10.3-жолдың 2 және 4-бағандарында «ҚИК және», «АҚ-ға» деген сөздер алынып тасталсын; реттік нөмірі 15-жолдың 3-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚжТКШІА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; «IV. Шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын қолдау» деген бөлімде: реттік нөмірі 4.6-жолдың 3-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ҚжТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |