Қазақстан Республикасында пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуін жүргізудің Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 432 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасында пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуін жүргізудің Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 432 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 2127 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: атауында және 1-тармақта «тіркеулік» деген сөзден кейін «, өндірістік» деген сөзбен толықтырылсын; кіріспеде «2002 жылғы 7 қазандағы № 1096» деген сөздер «2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуін жүргізудің Ережелерінде: атауында «тіркеулік» деген сөзден кейін «, өндірістік» деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне толықтырулар - қосымша тіркелетін және бекітілген пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне енгізілетін пестицидтердің (улы химикаттардың) тізбесі;»; 5) тармақшада «мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, қоршаған ортаны қорғау органдарының» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) тармақшада «химиялық заттардың» деген сөздер «пестицидтің (улы химикаттың)» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|