Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі төрайымының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 бұйрығымен бекітілген
Статистикалық карточканы беру жөніндегі
1. Осы Статистикалық карточканы беру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі аумақтық бөлімшелерінің статистикалық карточканы ресімдеу және беру тәртібін реттейді. 2. Статистикалық карточка статистикалық органдарда есепке қою кезінде мемлекеттік статистикалық тіркелімде ҚР МЖ 02-99 кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі - КҰЖЖ) сәйкестендіру нөмірін заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге берілуін растайтын құжат болып табылады. 3. Статистикалық карточка әділет органдарында заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық және қысқаша атауын, басшының тегін, атын, әкесінің атын, заңды мекен-жайын, телефонын, факсын, (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжатының күнін және нөмірін растайтын құжат болып табылмайды. 4. Статистикалық карточка «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) алынған электронды хабарлама негізінде, сондай-ақ заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің өтініші негізінде ресімделеді. 5. ЗТ МДҚ-нан алынған электрондық хабарламалар негізінде статистикалық карточканы ресімдеу және беру келесі жағдайларда жүзеге асырылады: бастапқы тіркеу (есептік тіркеу); атауының өзгеруіне байланысты қайта тіркеу (есептік қайта тіркеу); орналасқан жерін өзгерту. Қалған жағдайларда электрондық хабарламалар негізінде ақпарат Мемлекеттік статистикалық тіркелімге статистикалық карточканы ресімдеусіз енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|