Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
ҚР Yкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 31 Қаулысымен күші жойылды
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 726 бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қыркүйектегі № 874 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 35, 377-құжат); 2) «Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 890 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 35, 381-құжат). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2296 қаулысымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ережесі
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|